Әлеумет

2024 -2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Кентау қалалық кәсіподақ комитеті төрайымының ұйымдастыруымен білім бөлімінің мәжіліс залында білім беру ұйымдарына 2024 -2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жобасы бойынша түсініктеме жиын өтті.
Кездесуге білім беру ұйымдарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Кездесу барысында қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Манат Таукеева қатысушыларға кіріспе сөз сөйлеп, кәсіподақтар қызметінде әлеуметтік әріптестік негізінде әділ еңбек қатынастарын дамыту мәселелері маңызды бағыт екендігін және ұжымдық шарт кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік — экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау нысаны ретінде қызмет ететіндігін атап өтті.
Осы ретте төрайым жиын қатысушыларына 2024 — 2026 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шартты әзірлеу және оның орындалуын бақылау кезінде кәсіподақ комитеті мен жұмыс берушінің өзара іс-қимыл алгоритімін және Еңбек кодексі талаптарының жиі кездесетін бұзушылықтары бойынша түсініктеме берді.
Жиналыс соңында қатысушылар пікір алмасып, өзекті сұрақтарын қойып, ұжымдық шарт-кәсіподақ ұйымының тиімді жұмысының көрсеткіші екендігі атап өтті.

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *