Бүгін, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.
Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:
1. Өндірістердегі орын алған жазатайым оқиғаларға талдау жүргізу;
2. «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясын жалғастыру;
3. 2024 жылы «Лайықты еңбек жылы» аясында іс-шаралар жоспарының орындалуы;
4. Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету бойынша.
Кеңесте күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып, қатысушыларды ағымдағы жылдың І-тоқсанындағы ақпаратқа сәйкес облыс аумағындағы кәсіпорындарда орын алған жазатайым оқиғаларына тоқталып, олардың негізгі себептерімен таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша «Қалың қалай бастауыш?» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізу мәселесі қаралды. Осы акцияны қолдау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен кездесу жоспарын бекіту туралы ақпараты тыңдалды.
Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы «Лайықты еңбек жылы» аясында 2024 жылы өткізілетін іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша, еңбек қатынастары саласында жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мен олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар-кеңестер өткізу бойынша сөз қозғап, кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, отырыста Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен ұйымдастырылғалы отырған тасқын суға байланысты еліміздің бірқатар облыстарында жарияланған төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек беру бастамасын кеңес мүшелері бір ауыздан қолдайтындарын айтты.
Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.
Comments