Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Керім Тленшин атындағы №29 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен ҚР «Еңбек кодексі» және «Әлеуметтік кодексі» талаптарын түсіндіру және оларға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маман заңгері Ерлан Жандарбеков пен кәсіподақ активінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Жиында кәсіподақ мүшелеріне еңбек адамының құқықтарын қорғау тәртібі, келісу комиссиясының жұмысы, еңбек даулары мәселелері сонымен қатар, ҚР «Еңбек кодексі» және «Әлеуметтік кодексі»-не енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар бойынша мағлұматтар берілді.
Бұдан басқа, жиын барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маман заңгері Ерлан Жандарбеков кәсіподақ мүшелеріне жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» мен «Заң клиникасы»-на қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді.
Жиын соңында кәсіподақ мүшелері пікір алмасып, өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алды.
Comments