Жаңалықтар

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

2023 жылы «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы 7,2 млрд теңгеге 46 қайырымдылық жобаны жүзеге асырса, жыл басынан бері 16,5 млрд теңгеге 10 жобаны қаржыландырды. Қайырымдылық қызметінің қорытындылары мен алдағы міндеттерін Қордыңкорпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары  және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов пен Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева кезекті Қоғамдық кеңесотырысында таныстырды. Отырысқа қоғам өкілдері, депутаттар, үкіметтік емес ұйым мен мемлекеттік органдар басшылары, сарапшыларқатысты.

Әлеуметтік жобалар денсаулық сақтау, әлеуметтік осал топтарды қолдау, білім, өңірлерді дамыту, мәдениет пен спорт салалары бойынша 13 өңірінде, соның ішінде «Самұрық-Қазына» компаниялары орналасқан аймақтарда жүзеге асты. Еліміз бойынша 524 мың адам көмек алды, оның ішінде 81 мыңы ауыл тұрғындары. 400-ге тарта азамат жұмыспен қамтылды.

10 оңалту орталығы ашылып, 11 спорт кешені, 26 әмбебап спорт-ойын алаңдары салынды.«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» жобасы арқылы 90 мыңға жуық ауыл тұрғындарына 1 миллионға тарта тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 23 қала мен елдімекенінде тегін инклюзивті және бейімделген спорт секцияларының желісі жұмыс істеуде. Алматы және Шығыс Қазақстан облысының 400-ге жуық ерекше балаға жазғы және күзгі инклюзивті лагерь ұйымдастырылды. Жанаөзендік 227 ауыл баласына білім беру гранттары беріліп, әлеуметтік осал топтан шыққан 15 мың бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Ақтөбе облысында алғаш рет Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жаңғыртудан өтіп, креатив орталығы ретінде ашылды.

Қор ашықтық саясатын ұстана отырып, қаңтар айында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы 2023 жылдағы қайырымдылық қызметін қорытындылап, арнайы форум өткізіп, 300-ден астам қоғам, бизнес пен мемлекеттік органдар алдында есеп берген болаты..

Биыл Қор қайырымдылық қызметінде инклюзияға басымдық беріп отырғанын жеткізді. Инклюзивті ортаны дамыту аясында оңалту орталықтарын ашу жалғасын тауып, инклюзивті спорт кешендерін салуға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған жобаларды іске асыруға айрықша назар аударылады.

Осыған дейін іске қосылған 37 оңалту орталығынан бөлек, алдағы уақытта аутизмі бар балаларға 7 орталық және 5 ерте араласу орталығы, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жыл сайын 50 мың адам спортпен айналысуға мүмкіндік беретін 6 инклюзивті спорт кешені ашылады.

Оңалту қызметін дамытумен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту  мәселесі жалғасын табады. 2024 жылдың алғашқы үш айында «Самұрық-Қазына» АҚ тобындағы компанияларға 114 ерекше қажеттілігі бар азамат жұмысқа тұрды. Бұл Қордың Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың тапсырмасымен жүзеге асуда. Бүгінде Қордың QSamruk.kz бос орындар платформасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы бөлім ашылып, оларға сұранысқа ие жұмыс орындары қолжетімді. «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы 180 мүмкіндігі шектеулі азаматты AI, No Code әзірлеуші, UI/UX+Web маманы сияқты цифрлық мамандықтарға оқыту жобасы басталады. Оқытудан тыс, жоба аясында қатысушыларға жұмысқа орналасуына жәрдем жасалады.

«Самұрық-Қазына» бүгінгі таңда өңірлерде көптеген оңалту орталықтарын ашып, ерекше қажеттілігі бар жандарды қолдауға бағытталған жобаларды іске асырып келеді. Алайда, біз оңалтудан өткен ерекше балалардың ары қарай болашағын ойлап, олардың қоғамда әлеуметтенуіне, еңбекпен қамтылуына да назар аударымыз керек деп ойлаймыз. Осы бағытта сұраныстағы кәсіптерге оқыту мен жұмысқа орналастыру бойынша бастамаларды қолға алып отырмыз», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Қоғамдық кеңес отырысында.

Әлеуметтік саланы одан ары дамыту мен қайырымдылық жобаларымен көпшілікті қамту мақсатында Қор жыл басынан бері белді бизнес өкілдерімен серіктестікті нығайтуға кірісіп, ірі кәсіпорындармен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуда.  Қазіргі таңда «Шелл Қазақстан», «Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы», «Қазақмыс» кәсіпорнымен және «Қазақстан халқына» қорларымен инклюзия, спорт, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Елімізде орын алған су тасқының салдарымен күресуге «Самұрық-Қазына» қоры «Samruk-Kazyna Trust» зардап шеккен өңірлерге 15 млрд теңге қаражат бағыттайды. «Туған елге саяхат» қайырымдылық жобасы аясында зардап шеккен өңірлерден және Қордың еншілес компаниялары қызметкерлерінің отбасыларындағы 400 бала саяхат пойызымен қамтылады.

Одан бөлек еншілес компаниялар тарапынан аймақтарға гуманитарлық көмек, арнайы техника жіберіліп, азаматтарды тасымалдау, волонтерлік көмек сияқты қосымша шаралар қабылданды.

Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылар Қордың қайырымдылық қызметіне қатысты пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Samruk-Kazyna Trust» презентовал итоги работы перед

Общественным советом

В 2023 году единый оператор благотворительной деятельности фонда «Самрук-Казына» реализовал 46 благотворительных проектов на 7,2 млрд тенге, с начала года профинансировал 10 проектов на 16,5 млрд тенге. Итоги деятельности и предстоящие планы «Samruk-Kazyna Trust» презентованы на очередном заседании Общественного совета Фонда. Представителям общественности результаты работы представили управляющий директор по корпоративному управлению, социально-трудовым отношениям и охране труда фонда «Самрук-Казына» Гибрат Ауганов и генеральный директор единого оператор благотворительности «Samruk-Kazyna Trust» Альфия Адиева. В заседании приняли участие представители общественности, депутаты, руководители неправительственных организаций и государственных органов.

Социальные проекты реализованы в 13 регионах всфере здравоохранения, поддержки социально уязвимых групп, образования, развития регионов, культуры и спорта, в том числе в регионах присутствия группы компаний. В рамках благотворительных проектов помощь получили 524 тыс. человек, из них 81 тыс. – жители сел. Трудоустроено около 400 граждан.

Открыто 10 реабилитационных центров, построено 11 спортивных комплексов, 26 универсальных спортивно-игровых площадок. В рамках проекта «Медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» порядка 90 тысяч сельчан получили 1 миллион бесплатных медицинских услуг и правовую помощь. Для детей с ограниченными возможностями функционирует сеть бесплатных инклюзивных и адаптированных спортивных секций в 23 городах и населенных пунктах. Для 400 особенных детей из Алматы и Восточно-Казахстанской областей летом и осенью были организованы инклюзивные лагеря. 227 сельским детям из Жанаозена предоставлены образовательные гранты, 15 тысяч детей из социально уязвимых слоев населения обеспечены школьными принадлежностями. Впервые в Актобе областная юношеская библиотека им. Саги Жиенбаева прошла ревитализацию и открылась как креативный центр.

Придерживаясь принципов прозрачности, в январе Фонд организовал форум с участием 300 человек и отчитался перед представителями общественности, бизнеса и государственных органов об итогах благотворительной деятельности группы компаний «Самрук-Казына» за 2023 год.

В этом году Фонд уделяет приоритетное внимание инклюзии в благотворительной деятельности. В рамках развития инклюзивной среды будет продолжено открытие реабилитационных центров, особое внимание будет уделено строительству инклюзивных спортивных комплексов, реализации проектов по поддержке граждан с ограниченными возможностями.

Помимо ранее запущенных 37 реабилитационных центров, в дальнейшем будут открыты 7 центров для детей с аутизмом и 5 центров раннего вмешательства, 6 инклюзивных спортивных комплексов в Акмолинской, Атырауской, Карагандинской, Мангистауской и Туркестанской областях, которые позволят ежегодно заниматься спортом 50 тыс. человек.

Наряду с развитием реабилитационной деятельности решаются проблемы занятости граждан с ограниченными возможностями. С начала 2024 года в компании группы АО «Самрук-Қазына» трудоустроено 114 граждан с особыми потребностями.  Такие меры по поддержке граждан с инвалидностью реализуются по поручению председателя Правления Фонда Нурлана Жакупова. На платформе вакансий Фонда QSamruk.kz открыт специальный раздел для граждан с ограниченными возможностями, где доступны востребованные рабочие места.

Вместе с тем, через единый оператор благотворительности «Samruk-Kazyna Trust» в этом году стартует проект по обучению 180 граждан с ограниченными возможностями цифровым специальностям, таким как AI, разработчик NoCode, специалист UI/UX+Web. Помимо обучения, в рамках проекта участникам будет оказано содействие в поиске работы.

«По инициативе «Самрук-Казына» сегодня в регионах открывается множество реабилитационных центров, осуществляются проекты по поддержке людей с особыми потребностями. Однако мы считаем, что необходимо позаботиться об их дальнейшем будущем, о социализации в обществе и занятости. В этом направлении мы запустили проекты по обучению востребованным профессиям и трудоустройству», – отметил на заседании Общественного совета управляющий директор по корпоративному управлению, социально-трудовым отношениям и охране труда АО «Самрук-Казына» Гибрат Ауганов.

В целях дальнейшего развития социальной сферы и повышения охвата населения благотворительными проектами Фонд с начала года ведет активную работу по укреплению партнерства с представителями бизнеса, налаживает сотрудничество с крупными предприятиями и общественными организациями.  В настоящее время с компаниями «Шелл Казахстан», «Южная горно-химическая компания», «Казахмыс» и фондом «Қазақстан халқына» планируется реализация ряда проектов, направленных на поддержку проектов в сфере инклюзии, спорта, социально уязвимых слоев населения.

Для ликвидации последствий паводков фонд «Самрук-Казына» направит пострадавшим регионам 15 млрд тенге. В рамках благотворительного проекта «Туған елге саяхат» путевку в летний экскурсионный поезд получат 400 детей из пострадавших регионов и из семей сотрудников дочерних компаний Фонда.

Кроме того, со стороны портфельных компаний в регионах приняты дополнительные меры поддержки в виде гуманитарной помощи, обеспечения спецтехникой, перевозки граждан, волонтерской помощи.

На заседании члены Общественного совета и эксперты озвучили свои мнения и предложения по благотворительной деятельности Фонда.

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: 1 МАМЫР– ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ.

Алдыңғы

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *