ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғамРуханият

АЛДА АТҚАРЫЛАР ІСТЕР АУҚЫМДЫ

Кеше Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығында Шымкент қаласының ішкі саясат жəне жастар істері жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мəжілісі өтті.

Мұндай кеңейтілген алқа мəжілісі осының алдында да Мəдениет пен білім басқармаларымен де өткенінен хабардармыз. Қала әкімінің орынбасары Сəрсен Құранбек өз сөзінде осылай əрбір басқарманың ісін көпшілік алдында атқарған істері мен алдағы жоспарлары бойынша ашық түрде көрсетуді биыл жыл басынан бері қолға алғандарын айтты.

Хош, сонымен бұл жиында не айтылды?

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Бақтияр Өнербаев атқарылған істер мен болашақтағы жоспарларға кеңінен тоқталды. Əрине, үшінші мегаполис болған соң, түрлі кемшіліктер де орын алып жатқаны жасырын емес. Өйткені, адам көп шоғырланған жерде тіршілік те қайнайды. Бес саусақ бірдей еместігіндей, жақсы іс те, бас шайқарлық жағдай да орын алуда. Жарыссөзге шыққандар атап айтқандай кемшілікті санаулы мекеме қызметкерлері ғана емес, онымен көпшілік болып күрескенде ғана іске асатыны белгілі. Осының бәріне басқарма басшысы Бақтияр Әлтайұлы мүмкіндігінше тоқталды. Əсіресе, «Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева ұлтты тәрбиелеуде қазіргі таңда əлеуметтік желілердің басым болып бара жатқанын, сондықтан зиялы қауым жəне еңбек ардагерлерімен тығыз байланыс жасайтын мықты жоба керек екенін, «Саналы ұрпақ, саналы ата-ана» атты жоба да даярлағанын айтты. Өйткені қазіргі таңда отбасы құндылығының қадірі кетіп бара жатқаны жасырын емес. Сонымен қатар ол атқарылған іс-шараларға эксперттік сараптама жасалып отыру қажетін де сөз етті.

Жиында сөз алған ҚР Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Шымкент телеарнасының директоры Уəли Қыдыров, «Серпіліс» қоғамдық қорының директоры Бейсенкүл Нарымбетова, «Ресми Фактор» газетінің бас редакторы Алия Ортаева, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қоғам белсенділері Жарқынбек Сейтінбет, Ибраһим Əлсерке жəне тағы басқалары көкейде жүрген мəселелерді ортаға салды. Жиынға қатысып отырған студент жастар да өз ойларын ірікпей,  ашық айтты. Ал қорытынды сөз сөйлеген қала əкімінің орынбасары Сəрсен Абайұлы қазіргі орын алып отырған мәселелерге жан-жақты тоқталып, əсіресе, жастар арасында нашақорлық, лудомогания, суйцидтің орын алып отырғанын, оның орын алмауы үшін алдағы уақытта атқарылар істерді де сөз етті.

Иə, кемшіліктер де сөз болды, алда атқарылар істер онан да ауқымды. Өйткені, жаһандану жалмаңдап, əр үйді аралап жүргенде, ұлт болып ұйысу — басты мақсат. Үлкеніміз де, кішіміз де, үйде де, көшеде де, осындай іргелі жиындарда да, қай жерде де бір-бірімізді сыйлап, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауызбірліктің үлгісін көрсете білуіміз керек. Жастарымыз өзгенің емес, өз ұлттық салт-дәстүрімізді өміріне енгізе отырып, тарихтан, ұлтымыздың батырлары мен тұлғаларынан тәлім алғанда, білім мен ғылыммен айналысқанда ғана еліміз бас көтеріп, алға жылжитыны анық.

Базаркүл ҚАЛБЫР

Унаследовав секрет искусства

Алдыңғы

Инвесторлар «Атамекеннің» басшысына өтініштерін айтты

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *