Жаңалықтар

АЗАМАТТЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қызмет алушы азамат М. жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама алу кезінде қызмет беруші тарапынан негізсіз бас тартылғаны туралы арызы келіп түсті.

Бұл ретте, Қағидаға сәйкес объектіні өз бетімен тұрғызу және  объетілер жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілер, шаруашылық құрылыстар, гараждар, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілері, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстар, мобильдік павильондар, дүңгіршектер, шатырлар, аялдамалар, бақтар, саябақтар болса бас тарту көзделген.

Алайда, қызмет беруші тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес емес ұсынылғаны анықталды.

Арыз негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, қызмет алушыға жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беріліп, Департаменттің ықпалымен бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ітсері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Серік Бектұрсынұлы ӨМІРЗАХОВ

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА ТИІСТІ ҚАУЛЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Алдыңғы

Унаследовав секрет искусства

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *