ӘлеуметЖаңалықтар

ЖЕР ЕМГЕН КҮРДІ…

“Жол-жөнекей” жақсы адамдар көрсем қуанып қалам. Әсіресе, жер емген еңбек адамдарын көргенде тәнті болам. Әкемнен көрген тәрбие шығар. Сайрам ауданы “Құтарыс” ауылына сапарлап барғанда үй іргелік жеріне егін егіп, диханшылық жасап жатқан Күрді этнос өкілі Асан Рүстемовті кезіктірдім. Бала-щағасымен картоп егіп жатыр. Сұхбаттастым. “Бұйыртса 3 айда өнім береді, бала-шағамызбен жемісін жейміз”- дейді.

“1-мамыр Қазақстан халқының Бірлік күні мерекесі” қарсаңында қолына кетпен-күрегін ұстап, ертелі-кеш еңбектенген еңбексүйгіш Асан Рүстемовтей этнос өкілін көріп, риза болдым. “Жақсы іс, жақсы жаңалыққа жаны құмар журналистер үшін “1-майға” жақсы материал екен ғой” — деп, Түркістан Облысы Қоғамдық Келісім мекемесіне қарасты Сайрам ауданындағы әріптесім Базарбай Айтбаев пен Бахтияр Батаев ағама “жол-жөнекей” әңгіме еттім. Бос сөзбен емес, нақты іспен шұғылданып, үй іргелік жерінде өнім өсіріп жатқан этнос өкілінің өмір-тіршілігі көбімізге өнеге болса деймін. Иә, қазақтың жерін сүйіп, қазақтың тілін құрметтеп, өз ана тіліндей ардақтап, ел-жұртпен емен-жарқын қазақша сөйлесіп, қазақ қоғамынын ынытымақ-бірлігін молайтып, “Құтарыс” ауылының құтын арттырып жүрген бір Асан ғана емес, күллі күрді ағайын қазақшаға судай. Міне, жаңа-Қазақстанға керегі де осы.

Ерсұлтан Әмірбек,

Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы

Шымкентте әскери техника жазғы кезеңге дайындалуда

Алдыңғы

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА ТИІСТІ ҚАУЛЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *