АймақӘлеумет

БӨЛШЕК САУДА САЛЫҒЫ ТӨМЕНДЕТІЛІП ЖАТЫР

«AMANAT» партиясы шағын және орта бизнеске лайықты жағдай жасау арқылы кәсіпкерлікті қолдауды мақсат тұтады. Бұл міндет Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Сайлауалды бағдарламасында көзделіп, экономиканың түрлі секторларында сараланған салық мөлшерлемелеріне көшу, барабар мөлшерлемелері және қарапайым рәсімдері бар бөлшек сауда салығын қолдануды кеңейту басымдықтары айқындалған болатын.
Осы бағыттағы жүйелі мемлекеттік саясатты орнықтыруда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Осы заң аясында Қазақстанда бөлшек сауда салығы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіліп, бұдан былай тұрақты негізде қолданылуы қамтамасыз етілді.
Енгізілген заң нормаларына сәйкес, бөлшек салық бойынша салық мөлшерлемесі 6%-дан 4%-ға дейін төмендеп, мәслихаттарға мөлшерлеменің 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендету құқығы беріліп, бұл құжат заңды негізде бекітілді. Қарапайым тілмен айтқанда, ол мөлшерлемелер жеке тұлғаларға сату үшін 4 пайыз және заңды тұлғалармен операциялар үшін 8 пайызды құрайды. Бұл ретте мәслихаттар жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарлар үшін бөлшек салық мөлшерлемесін, 50%-дан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқылы болып айқындалды.
Бұл арнаулы салық режимі жұмыскерлерінің саны 200 адамнан аспайтын және жылдық табысы 600 мың айлық есептік көрсеткішті құрайтын кәсіпкерлерге қолданылады. Сондай-ақ бөлшек сауда салығын қолданатын кәсіпкерлер бір реттік төлемді жұмыскерлердің табысынан төлей алады.
Қазіргі кезде Түркістан облысының бірқатар аудандық, қалалық мәслихаттарымен бөлшек салық бойынша салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету туралы шешімдер қабылдады. Сарапшылар қолға алынған бұл өзгерістер жергілікті жерлердегі шағын кәсіпкерлерге айтарлық қолдау болады деген пікірлерін білдіруде. Өйткені, бұдан былай осы санатқа жататын бизнес өкілдері қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркеуге алынбайтын болады. Қолданысқа енгізілген жаңа салық тәртібінің игілігін көрген кәсіпкерлердің пікірін алдағы уақытта партиялық ақпараттық ресурстарда жариялайтын боламыз.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ «AMANAT»-ТЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Алдыңғы

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *