АймақӘлеумет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ (-4-)

Сөз тізгінін алған Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамда өте өзекті мәселе болып табылатынын айта отырып, Түркістан облысының көлемінде бұл келеңсіздікті жою бағытындағы қол жеткізілген кешенді жұмыс көрсеткіштері жөнінде ақпар берді. Нәтижесінде соңғы үш жылда жемқорлық деректері бойынша тіркелген қылмыстық істер төмендеп жатқанына назар аударды. Білім беру жүйесіндегі бюджет қаражатының талан-таражға түсуінің жолын кесу, заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтару, табиғи ресурстарды қорғау, жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін анықтау мәселелерінде нәтижелі жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеп, олар бойынша қоғам тарапынан жылы қабылданып жатқанын, оң қоғамдық пікір қалыптасып отырғанын жеткізді. Бүгінгі жиын барысында айтылған деректерді облыс прокуратурасы бақылауда ұстайтынын атап өтті.
Жиында қаралған тақырып бойынша кеңес мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров, Қайрат Балабиев, Нұрлан Әуесбаев, Абзал Құспан, «Генералдар кеңесі» РҚБ Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Өміртай Бітімов білім беру ұйымдарының құрылысы, халық арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге арналған гранттардың тағайындалуы, шалғайдағы елді мекен тұрғындарының қажеттілігі үшін медициналық нысандар салу, аудандық ауруханаларды жөндеуден өткізу және жабдықтармен қамту, су басу қауіпінің алдын алудағы жергілікті әкімдіктердің жұмысы, жер саласына қатысты заңбұзушылықтарды қалпына келтіру, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында қамтылған мектеп құрылысының кешеуілдеу мәселелерін көтерді.
Көшпелі отырысқа онлайн платформа арқылы қатысқан республикалық Кеңес төрағасының орынбасары, «Әділдік жолы» ҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов Түркістан қаласындағы жеке кәсіпкерге тиесілі жер учаскесіне қатысты даулы мәселе орын алып жатқанын мәжіліске қатысушылардың назарына жеткізді…

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ (-3-)

Алдыңғы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ (-5-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *