АймақӘлеумет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ (-2-)

Жұмыс жиынының ашылуында сөз алған Кеңес төрағасы Ерлан Бияхметұлы «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырыстары бұған дейін Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында өткізілгенін айтты. «AMANAT» партиясы Төрағасының тапсырмасы бойынша Кеңестің республика өңірлерінде көшпелі отырыстарын өткізу қолға алынды. Кеңес жұмысының екі негізгі бағыты бар. Біріншісі – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыру, екіншісі — жергілікті жерлердегі осы мәселеге қатысты келеңсіздіктер анықталған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының, өзге де орталық мемлекеттік органдардың назарына жеткізу, тиісті шешімдер қабылдануын бақылауда ұстау», — деді Ерлан Саиров.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша хабарлама жасаған Кеңес мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша құқыбұзушылықтар мен қозғалған қылмыстық істердің 2022 және 2023 жылдардағы динамикасын ашып айтты. Партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасынын орындаушылық деңгейін саралап көрсетті. Жергілікті атқарушы органдарда, оның ішінде аудан әкімдіктері мен облыстық басқармалар кесіндісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін төмендету, оның профилактикасын жүргізу, ведомстоаралық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы, білім беру, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жер қатынастары салалары бойынша сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарының тиімділік деңгейін бағалау нәтижесімен таныстырды…

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ (-1-)

Алдыңғы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ (-3-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *