Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА 140 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен республика бойынша қолға алынып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, облыстағы 17 аудан-қалаларда ағаш отырғызу, гүл егу, тал әктеу, қоқыс шығару, арық-атыздарды тазалау, мекемелердің ауласын тазарту, орындық пен қоршауларды әрлеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Акцияның «Таза өлке» апталығында Түркістан облысы бойынша 130 мыңға жуық көшет егіліп, 140 мыңнан астам ағаш әктелген.

Атап айтқанда, Сарыағаш ауданында ауылдық округтер аумағында бір мезгілде 2 000 түп ағаш көшеті мен 1 000 түп гүл отырғызылған. Ал Ордабасы ауданында өңір жастары аға буынмен бірлесіп орталық саябақта 100-ден астам ағаш көшетін еккен. Сондай-ақ, қазығұрттық белсенді азаматтар аудандағы қоғамдық орындарға 27 500 түп көшет мен гүл отырғызған.

Сонымен қатар, Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарына ерікті жастар мен мемлекеттік қызметкерлер атсалысып, көше бойларына 2 870 түп ағаш көшеті егілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА 20 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ӨЛКЕ» АПТАЛЫҒЫНДА 1 500-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕ ТАЗАРТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *