Кентау қаласының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаладағы демалыс аумақтары мен саябақтар, ескерткіштердің алаңдарына тазарту жұмыстарын жүргізді.
Аталған аймақтарды күл-қоқыстардан тазартып, ағаштарды ретке келтіру шаралары атқарылды.
Одан бөлек, қаланың барлық аймағында тазалық жұмыстары белсенді атқарылуда.
Арық-атыздар күл-қоқыстардан тазартылып, талдар әктеліп, гүлдер отырғызылуда. Жасыл желектерге қоршаулар орнатылып, «Жасыл аймаққа» талдар отырғызылуда. Саябақтардағы орындықтар әрленіп, жарық шамдар ретке келтірілуде. Қаладағы абаттандыру, көріктендіру жұмыстары жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Comments