Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғам

«ҚИЫНДЫҚТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЕҢСЕРЕМІЗ»

Еліміз тарихи күрделі жағдайды, қасіретті апатты басынан кешіп жатыр. Мемлекет басшысы, жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы, деп Халыққа Үндеу жариялады.

Су басу мен су тасқыны алдын-ала болжауға болатын қатерлердің бірі деп санайтын едік. Бұл апат табиғаттың мінезін болжау үшін қажымайтын, үзіліссіз еңбек қажет екеніне көзімізді жеткізді!

Соңғы 80 жылда болмаған ірі табиғи апат халқымызды ауыр, күрделі жағдайға дұшар етті.

Адамның өмірі, денсаулығы, оның құқықтары мен бостандығы Констииуцияда баяндалғандай, ең басты құндылығымыз.

Президент өз сөзінде тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтелетін деді.

Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланған.

Мемлекет басшысы, Үндеуінде: Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырғанын және олардын ахуал түзелгенше сол жерде болатынын қадап айтты.

Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыратыны ескертілді.

Президент, халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды.Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастырып, оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет, екені тапсырылды.

Билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттердің бірден-бірі — бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару екенін жан тәнімізбен сезінеміз!

Бәріміздің қасиетті Рамазан айында тілеп жатқан ақ тілектеріміз қабыл болсын!

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ҚОҒАМДА ҚАРЖЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

Алдыңғы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты ҮНДЕУІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *