Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕ КЕЛГЕН ШЕТЕЛ ТУРИСТЕРІНІҢ САНЫ 5 ЕСЕ АРТТЫ

Түркістан облысына шетелден келетін қонақтардың саны артып отыр. Е-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіштерге сүйенсек, биылғы жылдың І тоқсанында 4485 шетел турисі келген. Олардың қатарында Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Франция, ҚХР, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея, Үндістан елінің тұрғындары бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 есе көп. Өткен жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш – 980, 2022 жылы 358 болған.

Шетелдіктердің басым бөлігі туризм мақсатында келген. Бұдан бөлек іскерлік байланыс орнату үшін жұмыспен келсе, енді бір бөлігі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысқан.

Айта кетейік, биыл «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» мәртебесі ресми түрде жаңа маусыммен ашылған болатын. Жыл бойы өткізілетін «Рухани мекенде неке қию» туристік іс-шарасы, «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі, «Әуе шарлары» фестивалі, «Түркі әлемінің тағамдары – ТӘТТІ» гастрофестивалі, «Туристік астана келбеті» Түркі елдері өкілдеріне арналған ақпараттық тур, страйкболдан «Түркі қырандары» халықаралық чемпионаты (Airsoft), «Қымызмұрындық» фестивалі, «Tourist Time» телевизиялық жобасы өткізіледі. «Voice of Turan» халықаралық қазақ әндері фестивалі бұл жолы таулы аймақта, ашық аспан астында ұйымдастырылады деген жоспар бар. Үш күндік ауқымды шарада 20-ға жуық мемлекеттен өнерпаздар арнайы келіп, қазақ әндерін шырқайды деп күтілуде.

Өңірде халықаралық деңгейде – 25, республикалық деңгейде – 23, облыстық деңгейде – 56, жалпы 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

———-
КОЛИЧЕСТВО ИНОСТРАННЫХ ТУРИСТОВ В ТУРКЕСТАНСКУЮ ОБЛАСТЬ УВЕЛИЧИЛОСЬ В ПЯТЬ РАЗ

В Туркестанской области растет число гостей из-за рубежа. Согласно экспертным показателям в сети Е-Qonaq, в первом квартале этого года в регион прибыли 4485 иностранных туристов. В их числе жители Узбекистана, Российской Федерации, Кыргызстана, Турции, Таджикистана, Франции, КНР, США, Украины, Южной Кореи, Индии. Это в пять раз больше, чем в прошлом году (за первые три месяца прошлого года этот показатель составил 980, в 2022 году — 358).

Большая часть иностранцев приезжала в туристических целях и для установления деловых контактов.

Напомним, в этом году Туркестан получил статус туристической столицы тюркского мира. В регионе планируется проведение традиционных церемоний по заключению брака в духовной столице, этнофестиваль древнетюркских традиций, фестиваль воздушных шаров, гастрофестиваль кухни тюркского мира, информационный тур для представителей тюркских стран, международный чемпионат по страйкболу (Airsoft), фестиваль «Қымызмұрындық», телевизионный проект «Tourist Time».
Международный фестиваль казахской песни «Voice of Turan» в этом году пройдет в горной зоне под открытым небом. Ожидается, что в трехдневном мероприятии примут участие артисты из 20-ти стран.

В регионе планируется провести 25 мероприятий международного уровня, 23 — республиканского, 56 – областного (в целом более 100 мероприятий).

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ТЕЛЕСКОП ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *