ӘлеуметБизнесЖаңалықтарЭкономика

ҚАЛА ӘКІМІ ЗАМАНАУИ ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

 

🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданында құс фабрикасының ашылуына қатысты.

🔷 «Аймар Құс» ЖШС бірінші кезеңде жылына 72 млн.дана жұмыртқа өндіреді. Бұл қала халқының жұмыртқа өніміне сұранысының 42%-ын қамтиды. 4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба 50-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

🔷 Жаңа құс фермасының өндірісімен танысқан қала басшысы бүгінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ саланы дамытуда

Мемлекет басшысының Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар маңызды міндеттер жүктегеніне тоқталды.

🔷 Естеріңізге сала кетейік, Президент халыққа Жолдауында елімізде сапалы ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуді дамытуға бағытталған жобалардың басым бағыттар болып табылатынын атап өтті. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды ашу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар тапсырмалар жүктеді.

🔷 Мемлекет басшысы тапсырмалары аясында бүгінде қалада ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді жоспарлар іске асырылуда. Қазір мегаполисте 5 мыңнан астам шаруа қожалықтары, 50-ге жуық түрлі қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Жыл сайын 50 млрд.теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді.

🔷 Құс фермасының іске қосылуы азық-түлік белдеуінің қалыптасуына оң әсер етіп қана қоймай, қала тұрғындарын жергілікті өніммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін 1- санаттағы жұмыртқалардың бағасын тұрақтандыру мақсатында ашылған «Аймар Құс» ЖШС-мен айналым схемасы тетігі шеңберінде шарт жасалды. Форвардтық шарт аясында серіктестік 1-санаттағы жұмыртқаларды қала аумағындағы сауда нүктелеріне белгіленген бағамен өткізетін болады.

🔷 Әлемдік биоқауіпсіздік стандарттарына негізделген ферма тауық жұмыртқасын өндіру бағытында озық үлгідегі кәсіпорын болып табылады.

Еуропалық үлгідегі құрылғылармен жабдықталған кәсіпорында 2026 жылға дейін өндірістің 2-кезеңі іске қосылады. Онда тауықтарға арналған 8 цех және оларды өсіруге өсіруге арналған 1 цех салу жоспарлануда.

🔷 Сонымен қатар, 2026 жылға қарай жұмыртқа салатын тауықтардың санын 660 мыңға жеткізу көзделуде. Бұл өндіріс көлемін жылына 220 млн.жұмыртқаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ГАБИТ СЫЗДЫКБЕКОВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ СОВРЕМЕННОЙ ПТИЦЕФАБРИКИ

🔷 Сегодня аким города Шымкент Габит Сыздыкбеков в ходе рабочего объезда принял участие в открытии птицефабрики в Енбекшинском районе.

🔷 Отметим, современная птицефабрика ТОО «Аймар кус» на первом этапе способна производить 72 млн. штук яиц в год или 42% от общей потребности населения города в яичной продукции.

🔷 Общая стоимость инвестпроекта составила 4 млрд. тенге, создано более 50 рабочих мест.

🔷 В ходе ознакомления с производственным циклом, аким города отметил, что сегодня государство оказывает существенную поддержку в направлении развития агропромышленного комплекса.

🔷 Он также подчеркнул, что Глава государства уделяет большое внимание развитию отрасли, перед Правительством и местными исполнительными органами поставлены ряд задач.

🔷 Напомним, в своем Послании народу Президент Касым-Жомарт Кемелевич отметил, что в стране приоритетными являются проекты, направленные на развитие глубокой переработки качественного мяса, молока, зерновых продуктов. Необходимо обеспечить продовольственную безопасность путем открытия птицефабрик, овощехранилищ, предприятий по производству мясной продукции.

🔷 Согласно этим поручениям, сегодня в городе реализуются комплексные планы, направленные на развитие сельского хозяйства. В настоящее время в городе функционируют более 5500 крестьянских хозяйств, около 50 различных перерабатывающих предприятий, которые ежегодно производят сельхозпродукцию на сумму свыше 50 млрд. тенге.

🔷 Запуск предприятия не только повлияет положительно на формирование продовольственного пояса, но и позволит полностью обеспечить горожан местной продукцией.

🔷 Вместе с тем, в целях стабилизации цен на яйца 1 категории, входящие в перечень социально значимых продовольственных товаров, с предприятием-производителем ТОО «Аймар кус» заключен договор в рамках механизма «оборотная схема». Путём заключения форвардного договора ТОО «Аймар кус» будет отпускать яйца 1 категории торговым точкам на территории города по фиксированной цене.

🔷 Следует подчеркнуть, птицефабрика «АйМар Кус» является предприятием нового поколения, созданное по мировым стандартам биобезопасности, по производству куриного яйца.

🔷 Производство оснащено самым передовым современным оборудованием ведущих европейских фирм.

🔷 До 2026 года здесь планируется поэтапное строительство 2-го этапа птицефабрики. В частности, — 8 цехов для кур-несушек и 1-го цеха для выращивания молодняка.

🔷 Наряду с этим, к 2026 году поголовье кур-несушек планируется довести до 660 тыс. голов, что позволит увеличить объемы производства до 220 млн. яиц в год.

Пресс-служба акима города Шымкент

БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *