Басты ақпаратЖаңалықтарЖастар саясаты

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ СОЗАҚ АУДАНЫНДА 4 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

Еліміздегі Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні. Бұл күні Созақ ауданында «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен ағаш егу жұмыстары қарқынды іске асырылды.

Мереке қарсаңында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов және еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары аудан орталығында орналасқан «Абай» саябағына арша ағашын отырғызды. Онда аудан басшысы ауылдар мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Айта кетейік, Жаңару күнінде ауданда 4 мыңнан астам тал көшеті егіліп, созақтықтар бұл күнді жақсылықпен атап өтуде. Егілген көшеттердің 500-ден астамы арша ағашы болса, қалғаны – қарағаш көшеттері.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Наурыз: Шымкенттің аталары мен әжелері әскерге шақырылушыларға қолдау көрсетті

Алдыңғы

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Наурыз мейрамын тойлады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *