ҚоғамРуханият

НАУРЫЗНАМА

Жер-Ананың түлеп, адамдардың көңіліне көктем орнап, бір-біріне тек жақсылық тілеп, халқымыз ұлтқа қарамай, тұтас ел болып тойлайтын жыл басы — Әз Наурыз мейрамы биыл ел көлемінде 14-23 наурыз аралығында ерекше он күн » НАУРЫЗНАМА» ретінде тойланбақшы.
Наурызнаманың әр күні төмендегідей белгілі бір тақырыпқа арналады:
14 Наурыз – КӨРІСУ КҮНІ, яғни көктемгі қауышу күні, амал мерекесі;
15 Наурыз – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ (қайырымдылық іс-шаралары өткізіледі);
16 Наурыз – МӘДЕНИЕТ және ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ (түрлі салт-дәстүріміз дәріптеледі);
17 Наурыз – ШАҢЫРАҚ КҮНІ (отбасылық құндылықтар, шаңырақты сақтау, ата-ана мен перзент сыйластығы насихатталады);
18 Наурыз – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ (жаппай қазақтың ұлттық киімін кию күні);
19 Наурыз – ЖАҢАРУ КҮНІ (әр мекеме, әр ұйым өздеріне бөлінген жерлерге ағаш егеді);
20 Наурыз – ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ (көкпардан, бәйгеден, қазақша күрестен, асық, тоғыз құмалақ секілді т.б. ұлттық ойындардан сайыстар өткізіледі);
21 Наурыз – ЫНТЫМАҚ КҮНІ (Қазақстан халқының ауызбіршілігі мен тұтастығы дәріптеледі);
22 Наурыз – ЖЫЛ БАСЫ – Ұлыстың Ұлы күні аталып өтеді;
23 Наурыз – ТАЗАРУ КҮНІ (барлық жерде сенбілік іспетті тазарту жұмыстары жүргізіледі).
Күн мен түн теңесетін жыл басы
ӘЗ НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН АҒАЙЫН!

ВОПРОСЫ В СФЕРЕ ТОРГОВЛИ ОБСУДИЛИ В ЖЕТІСУ

Алдыңғы

Ордабасы ауданында 4 жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған 3 мектепке Антикор еріктілер қоғамдық бақылау орнатты  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *