Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯНЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының делегациясы Түркия Республикасының өндіріс орындарымен танысып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес шетелдік инвестицияны тарту, өндіріс орындарын құру және өндірістердегі жаңа технологиялар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысынан құралған делегация Түркия еліне іссапар жасады. Іссапарды Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұйымдастырды. Оның құрамында «Turkistan Invest» инвестиция тарту және экспортты дамыту» агенттігі, «Turan» арнайы экономикалық аймағының, Кентау және Арыс қалалары, Отырар, Созақ және Сауран ауданы әкімдіктері және бизнес өкілдері бар.

Делегация Измир және Конья қалаларының Сауда және өнеркәсіп палатасы басшылығы, іскерлік бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіп, одан әрі «В2В» форматында келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту бойынша кәсіпкерлік саясатты жүргізуге жауапты Сауда- экономикалық байланысты дамыту палаталарымен меморандумдарға қол қойылды.

Кездесулерде Измир және Конья қалаларының Сауда және өнеркәсіп палаталарына, бизнес ассоциацияларына Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, түркі мемлекеттер ұйымы арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту үшін құрылған «Turan» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері таныстырылды.

Іссапар барысында құрамында 197 компания жұмыс істейтін «Избаш», 250 компания қызмет ететін «Есбаш» еркін экономикалық аймақтары жұмысымен және кәсіпорындарымен танысты. Кәсіпті кеңейту тұрғысында Түркістан өңірінде өндіріс ошақтарын құру бойынша ұсыныстар білдірілді.

Экономикалық аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпорындармен қатар, делегация бірқатар өндіріс орындары технологияларымен танысты. Олардың қатарында «Akaylar Derі» тері өңдеу зауыты, «Hidromek» ауыл шаруашылығы техникаларын және құрылғыларын өндіру зауыты, «Abalioglu yagi» күнбағысы майын өндіру зауыты, жаңбырлатып және тамшылатын суару жүйелерін өндіретін «Elit plastic», «Sertsan Plastik», «Ercanlar Plastik», «OpalPivot», «Akona plastik» компаниялары, «RTM Tarım Kimya» кіші, ірі қара және құстарға арналған жем шығару зауыты, кептірілген жемістерді өндіретін «Pinar Kuruyemis», Түркия елінің үштен бір бөлігін ет өнімдерімен қамтамасыз ететін консервіленген дайын ет өнімдерін өндіретін «Konaet» компаниялары бар.

Делегация іссапары Конья елінде өтіп жатқан Түркия еліндегі ең ірі және Еуропадағы 3-ші ең ірі «Konya Agriculture Fair 2024» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жалғасты. Жәрмеңкеде соңғы технологияларды қолданатын ауыл шарушылығы саласындағы кәсіпорындарға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берілді.

Келіссөздерде бірқатар кәсіпорындар Түркістан облысына инвестиция салуға қызығушылық танытты. Түркиялықтар алдағы уақытта Түркістан өңіріне қызметтік іссапармен келеді деп күтіліп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

———

ДЕЛЕГАЦИЯ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОЗНАКОМИЛАСЬ С ПРОИЗВОДСТВЕННЫМИ ОБЪЕКТАМИ ТУРЦИИ

Делегация Туркестанской области ознакомилась с производственными объектами Турецкой Республики и провела переговоры по реализации совместных проектов.

В соответствии с поручением акима области Дархана Сатыбалды делегация из Туркестанской области совершила командировку в Турцию с целью привлечения иностранных инвестиций, создания производств и обмена опытом по новым технологиям на производствах. Командировку организовало областное управление предпринимательства и промышленности.

В составе делегации — представители агентства Turkistan Invest по привлечению инвестиций и развитию экспорта, специальной экономической зоны Turan, акиматов городов Кентау и Арыси, Отрарского, Созакского и Сауранского районов, бизнесмены.

Делегация провела встречи с руководством Торгово-промышленной палаты городов Измира и Коньи и переговоры с представителями делового бизнеса в формате В2В. Были подписаны меморандумы со структурами, ответственными за проведение предпринимательской политики по развитию торгово-экономических и инвестиционных связей.

На встречах с представителями торгово-промышленных Палат, бизнес-ассоциаций Измира и Коньи был представлен инвестиционный потенциал Туркестанской области, возможности СЭЗ «Turan», созданной для укрепления торгово-экономических связей между тюркскими государствами.

В ходе визита делегатов ознакомили с работой и предприятиями свободной экономической зоны «Избаш» (работают 197 компаний) и «Есбаш» (250 компаний). В контексте расширения бизнеса были высказаны предложения по созданию производств в Туркестанском регионе.

Наряду с предприятиями, работающими в экономических зонах, делегация ознакомилась с технологиями ряда производств. Среди них кожевенный завод Akaylar Derі, завод по производству сельскохозяйственной техники и оборудования Hidromek, завод по производству масла для загара Abalioglu yagi, компании Elit plastic, Sertsan Plastik, Ercanlar Plastik, OpalPivot, Akona plastik, завод по производству кормов для малого, крупного рогатого скота и птиц RTM Tarım Kimya, предприятия по производству сухофруктов, консервированной готовой мясной продукции, поставляющей мясную продукцию на треть территории Турции.

Визит делегации продолжился на крупнейшей в Турции и 3-й по величине в Европе сельскохозяйственной ярмарке Konya Agriculture Fair 2024 в Конье. На ярмарке были презентованы инвестиционные возможности нашего региона, даны рекомендации по реализации совместных проектов.

На переговорах ряд турецких предприятий проявили интерес к Туркестанской области. Ожидается, что в ближайшее время турецкие предприниматели прибудут в Туркестан с целью ознакомления с инвестиционным потенциалом области.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫНДА АРДАҚТЫ АНАЛАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Алдыңғы

«БӨГЕН» СУ ҚОЙМАСЫНДА ҚАУІП ЖОҚ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *