Түркістан облысында биыл Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланып отыр. Бұл халқымыздың ежелден келе жатқан ата дәстүрі. 14-23 наурыз күндері арылығында «Көрісу күні – амал мерекесі», «Мейірімділік мерекесі» сынды атаулы күндері түрлі шаралар өтеді. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді.
«14 наурыз — «Көрісу күні – амал мерекесі» күні өңірдегі белгілі өнер, спорт саласындағы қайраткерлер аға буынның шаңырақтарына арнайы барып, жылдың басталуымен құттықтайды. Амандандық сұрасып, көріседі. Сондай-ақ, осы күні «Наурыз – жақсылықтың жаршысы» атауымен облыстық челленж ұйымдастырылады. Ал 15 наурыз күні «Наурыз — мейірімділік мерекесі» ретінде аталып өтпек. Бұл күні аудан-қалаларда, ауылдарда жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өтеді. Сондай-ақ, соғыс, еңбек ардагерлеріне, Батыр аналарға құрмет көрсету мақсатында «Аға ұрпақты қастерлейік» акциясы қолға алынады» — деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, 15 наурыз күні — Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде облыс әкімдігі мен айтыс ақындары және жыршы-термешілердің Халықаралық одағының ұйымдастыруымен Түркістан облысы мен Жамбыл облысы ақындары, термеші-жыршылары арасындағы командалық өнер додасы ұйымдастырылады. Бұл жайында брифингте «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Түркістан облысындағы филиал төрағасы Тұрар Тілеулиев айтты.
«16 наурыз күні «Наурыз – салт-дәстүрдің жаңғыруы» деген бастамамен облыстағы барлық мәдениет мекемелерінде ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртатын сахналық көріністер өтеді. Ал 17 наурыз күні «Наурыз — тәрбиенің бастауы» деген атаумен барлық мектептерде мерекелік іс-шаралар, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жағдайы төмен отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетілмек. 18 наурыз — «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» деген атпен 09:00-ден бастап Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері ұлттық киім кию челленжін бастайды. Сонымен қатар, 18 наурыз күні «Түркістан – түркі әлемінің туристік астанасы» атануының ресми ашылу салтанаты «Керуен сарай» аумағында өтеді», — деді Әзімхан Серікұлы.
Брифингке қатысқан Түркістан облысы мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров 19 наурыз күні — «Наурыз — жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен барлық өңірлерде ағаш егу дәстүрі қолға алынатынын айтты. Бұл күнгі мерекелік іс-шаралар «Наурыз бата» дәстүрімен қорытындыланады.
«20 наурыз — «Ұлттық спортты ұлықтау» күнінде барлық өңірлердегі спорт кешендері мен атшабарларда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Ал 21 наурыз «Қош келдің – Әз Наурыз!» деген атаумен Түркістан қаласындағы «Керуен» сарайы аумағында облыс әкімінің қатысуымен мерекелік салтанатты іс-шара жоспарланып отыр. 22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні — Әз Наурыз» күні Түркістан қаласы мен барлық аудан-қалалардағы орталық алаңдар мен саябақтарда көрмелер, концерттік бағдарламалар, ұлттық спорттық ойындар мереке көркін қыздырады. Ал 23 наурыз «Наурыз – тазалықтың айнасы» күні облыс көлемінде жалпы халықтық сенбілік ұйымдастырылып, аудандар мен қалаларда тазалық жұмыстары жүргізіледі», — деді Мейіржан Нұрғалиұлы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НАУРЫЗ ОТПРАЗДНУЮТ В ТЕЧЕНИЕ 10 ДНЕЙ
В Туркестанской области в этом году Наурыз планируется отмечать в течение 10 дней. Это давняя традиция предков нашего народа. С 14 по 23 марта пройдут различные мероприятия: «Көрісу күні – амал мерекесі», «Мейірімділік мерекесі». Об этом на брифинге сообщил руководитель Управления культуры и туризма Туркестанской области Азимхан Койлыбаев.
«14 марта — «Көрісу күні – амал мерекесі» — известные деятели искусства, спорта области специально посетят дома представителей старшего поколения и поздравят с началом года. Также в этот день будет организован областной челлендж под названием «Наурыз – жақсылықтың жаршысы». 15 марта отмечается как «Наурыз — мейірімділік мерекесі». В этот день в городах-районах, селах пройдут благотворительные акции по оказанию помощи малообеспеченным семьям, гражданам с ограниченными возможностями. Также в целях чествования ветеранов войны, труда, матерей-героинь будет проведена акция «Аға ұрпақты қастерлейік», — сказал руководитель управления.
Кроме того, 15 марта — в комплексе «Конгресс холл» в городе Туркестан акиматом области и Международным Союзом поэтов айтыса и жыршы-термеши будет организован командный поединок между краснословами Туркестанской и Жамбылской областей, термеши-жыршы. Об этом на брифинге сообщил председатель филиала «Международного союза поэтов айтыса и жырши-термеши» в Туркестанской области Турар Тлеулиев.
«16 марта во всех учреждениях культуры области по инициативе «Наурыз – салт-дәстүрдің жаңғыруы» пройдут сценические представления, воспроизводящие национальные традиции. А 17 марта во всех школах под названием «Наурыз — тәрбиенің бастауы» будут организованы праздничные мероприятия, выставки мастеров рукоделия и художников. Также будет оказана помощь детям из малообеспеченных семей, детям с ограниченными возможностями. 18 марта — с 09:00 под названием «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» государственные служащие Туркестанской области начинают челлендж в национальной одежде. А 18 марта на территории комплекса «Караван сарай» состоится официальная церемония открытия «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы», — сказал Азимхан Серикулы.
Директор Центра культуры и народного творчества Туркестанской области Меиржан Алиакбаров, присутствовавший на брифинге, отметил, что 19 марта — «Наурыз — жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» — во всех регионах будет проводиться посадка саженцев. Праздничные мероприятия в этот день завершаются традицией «Наурыз бата».
«20 марта — в день «Ұлттық спортты ұлықтау» во всех регионах пройдут соревнования по национальным видам спорта на спортивных комплексах и ипподромах. А 21 марта на территории комплекса «Караван сарай» в городе Туркестан запланировано праздничное торжественное мероприятие «Қош келдің — Әз Наурыз!» с участием акима области. 22 марта в день «Ұлыстың ұлы күні — Әз Наурыз» праздник украсят выставки, концертные программы, национальные спортивные игры на центральных площадях и в парках города Туркестан и всех районов-городов. А 23 марта в день «Наурыз – тазалықтың айнасы» в области будет организован общегородской субботник, в районах и городах будут проведены работы по уборке», — сказал Мейржан Нургалиулы.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Comments