ҚР ҚК ӘПББ бастығы жеделхатының негізінде, Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінде әскерлер қызметін ұйымдастыруды бақылау бөлімшесінің ұйымдастыруымен, «Әскери бөлімдермен мекемелерде қауіпсіздік шаралары бойынша кешенді сабақтарды өткізудің тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жиын Шымкент қаласында орналасқан әскери бөлімдерінің лауазымды тұлғалары, атап айтқанда бөлім командирлерінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасарлары, әскерлер қызметіне жауапты офицерлері және батальон сержанттарының қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстел барысында күнделікті қызметте, оқу-жаттығулар кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылу фактілері талықыланып, алдын алу бойынша қауіпсіздік шаралары сабақтарын оқу-материалдық базасын, бейнематериалдарды қолданып, ортада қаралды.
Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскерлер қызметін ұйымдастыруды бақылау бөлімшесінің бастығы майор Нияз Ильясов алғашқы медициналық көмек көрсету, жанар-жағар май материалдарымен жұмыс жасау, қаруды дұрыс қолдану, дене дайындығы және шаруашылық жұмыстарды жасау мен өртке қарсы кезіндегі қауіпсіздік шаралары сияқты тақырыптарға талдау жасап, алдын алу бойынша нақты ұсыныстарын айтты.
— Бұл жиын, жеке құрамның қызметтік міндеттерін орындау барысында оқыс оқиғалардың алдын алу үшін өткізілетін дәрістерді дұрыс ұйымдастыру, манекендер мен макеттерді қауыпсіздік шараларын сақтау сабақтарында тиімді пайдалану арқылы, әскердегі жарақаттану фактілерін барынша азайтуға бағытталды, — деді Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскерлер қызметін ұйымдастыруды бақылау бөлімшесінің бастығы майор Нияз Ильясов.
Дөңгелек үстел қорытындысында ерекше назар алғашқы медициналық көмекке аударылды. Нұсқаушы әскери қызметшілерге түрлі жарақаттар мен өмірге қауіп төнген кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін еске салып және санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік ережелері мен өз денсаулығын бақылау туралы тағы да айтып өтті.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қауіпсіздік шаралары сабақтарының тиімділігін арттыру үшін сапалы оқу-материалдық базаларды, бейнематериалдарды қолдануды ұсынды.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Comments