Кентау қаласы, Қарнақ ауылының тұрғыны Абдашим Юлдашев жылыжай шаруашылығын қолға алған. Үйіргелік диқандықтан бастаған кәсіп иесі бүгінде бір гектар жерге қызанақ пен қияр егіп, жылына екі рет өнім алады.
«Қазіргі таңда қол астымда 10-ға жуық жұмысшы бар. Өнімді жинайтын уақытта жалдамалы жұмысшыларды көбейтемін. Бұл кореялық әдіспен жасалған жылыжай. Жылыжайдың басым бөлігіне қызанақ егіледі. Қазіргі уақытта сұраныс өте көп. Алғашқы өнімді алдағы мамыр айында жинап аламыз»-, дейді кәсіп иесі.
Шаруаның сөзінше, бір өнімнің өзінен 40-50 тонна аралығында көкөніс жиналады. Бүгінде қызанақ пен қиярлары Кентау, Түркістан қалаларына жіберіледі. Сондай-ақ, шаруа иесі қосымша 3 гектар жерге жылыжай салуды қолға алған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments