ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарМәдениет

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ҚЫЗ ЖАСАУЫНА ҚАЖЕТІ ЖАРАҚТАРДЫ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Келес ауданында «Домалақ ана» атты тігін шеберханасы мен дүкені іске қосылды. Абай ауылында орналасқан кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Өмірсерік Алтынбаев пен Абай ауылы әкімінің орынбасары Мұхамеджан Өтенов қатысып, шеберхана ұжымына толайым табыстар, істеріне сәттілік тіледі.
– Кәсіпкерлік саласы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйверлерінің бірі болып табылады. Сондықтан бұл сала көрсеткіштерінің ауданымыздың рейтингісіне әсері зор. Бүгінгі ашылғалы тұрған тігін цехы мен дүкені өңірдегі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып, ел экономикасына оң әсерін тигізеді деп сенемін. Бастаманы қолға алған Ұлбосын Қаржауқызына алғысымызды білдіріп, алдағы жұмыстарын сәттілік тілейміз, – деді Абай ауылы әкімінің орынбасары Мұхамеджан Өтенов.
Айта кетейік, бүгінде Ұлбосын Рустемованың бастамасымен ашылған тігін шеберханасында жалпы 10 адам тігін тігеді. Оның ішінде 4 азамат «Күміс жас» бағдарламасы аясында субсидияланып отыр. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың азаматшалары да бар. Тігінді тіршілік көзіне айналдырған жандар ұлттық нақыштағы қыз жасауын, құрақ көрпе, мектеп оқушыларының ұлттық нақыштағы бірегей формасын және сәнді дизайндегі перделер тігеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНДА 2 400-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ ҚАМТЫЛАДЫ

Алдыңғы

КЕНТАУЛЫҚ ШАРУА БІР ГЕКТАР ЖЫЛЫЖАЙДАН 50 ТОННА ӨНІМ АЛЫП ОТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *