ЖаңалықтарЗаң

«Ордабасы-өнегелі отбасылар мекені» тақырыбында форум өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдайтынын айтып, Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетінін жеткізген болатын.

«Ордабасы-өнегелі отбасылар мекені»атты форумға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев, Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, М.Есболатов атындағы Алматы академиясының өкілі Айболат Маймақов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның көптеген аспектілеріне әсер ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Форум барысында іс-шараға қатысушылар мен қонақтар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша пікір алмасты, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шешімдерімен бөлісті.

Форумның шымылдығы күрделі отбасылық қатынастарды баяндайтын сахналық қойылыммен түрілді. Сондай-ақ көрермендерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда атқарылған жұмыстар және құқық бұзушылықтарды болдырмауға байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы бейнероликтер көрсетіІс-шарадаэ

Іс-шарада спикерлер Оразкүл Асанғазықызы отбасылық құндылықтар жайтын насихаттаса, Айболат Тілеубайұлы қоғамның тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне жауапкершілігін арттыруға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ бұл форумды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Ауданның бас полицейі Ғалымжан Қуашбаев түрлі құрылымдардың өкілдерін қауіпсіз мемлекет пен үлгілі отбасын қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған форум облысқа танымал өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

____________________________________

#зорлықзомбылыққажолжоқ

#ескерту

#ҚРіім

#mvdrk

#polisiakz

#Сіздіңполицияңыз

#алаяқтық

#алаяқтар

#сақбол

#мошенники

#интернеталаяқтық

Заместитель министра внутренних дел РК открыл сервисный центр полиции Туркестанской области

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ЖҮРУДЕ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *