ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғам

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу: «Халық жүрегіндегі қаһарман» көшпелі көрмесі

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлына 100 жыл толуын мерекелеу аясында «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты көшпелі көрменің ашылуы өтті.

Көрмені Қарулы Күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Іс-шара тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министріне құрмет көрсету, оның ерлігін үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін насихаттау және мұражай ісін одан әрі дамытуға бағытталған.

Көрменің алғашқы қонақтары болып қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери қызметшілері, Қарулы Күштердің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, әскери қақтығыс ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері және 35748 әскери бөлімінің әскери оркестрі қатысты.

«Халық жүрегіндегі қаһарман» көрмесі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолы, екіншісінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік жолына арналса, үшінші бөлімде оның Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі қызметін атқарған жылдары туралы айтылады.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық мұражайы қорынан, сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетовтың жеке мұрағатынан алынған бірегей жәдігерлері қойылған. Экспонаттар арасында жеке заттарын, бұрын-соңды жарияланбаған фотосуреттерді, құжаттары мен марапаттарын көруге болады.

«Халық жүрегіндегі қаһарман» көрмесі Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2024 жылдың 28 ақпанына дейін болады, сондай-ақ бұл көрме еліміздің оннан астам қалаларын аралау жоспарланған.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ САЛҒАН СУРЕТТЕР КӨПШІЛІКТІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ОЯТУДА

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ АЗАМАТ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *