Түркістан қаласында биыл 316 400 ағаш егіледі деп жоспарлануда. Оның 202 400 данасы көктем мезгілінде, ал 134 данасы күз мезгілінде егілетін болады. Атап айтсақ, олар бейімділігі жоғары қарағаш, терек, сәмбі, тұт, шаған, үйеңкі акация, бал шегіртке, катальпа және жеміс ағаштардан: өрік, алма, шие, жиде мен бұталы ағаштар егіледі.
Одан бөлек, қаланы көркейту мақсатында раушан гүл, хризантема, эустома, тәжігүл, циннея, шафран, шалфей, гортензия, катарантус сияқты 35 000 дана көпжылдық және бір жылдық гүл көшет отырғызылады.
Жалпы, облыс орталығында көгалдандыру нысандары 626 гектарды құрайды. Онда 32 саябақ, 49 сквер, аллея, 56 көгалды көше, 16 жасыл алқапты алаңша, 262 гектар газон мен 8 гектарға созылған гүлзар және 1 200 000-нан аса ағаш бар.
Өткен жылы Түркістан қаласында 314 мың дана ағаш, 62 мың дана түрлі көпжылдық және біржылдық гүл көшеттері отырғызылды. Бүгінде егілген ағаштарға тірек байлау, арық ашу, арамшөбінен тазарту, ағашқа пішін беру үшін кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар қаладағы 81 демалыс орынында (сквер, саябақ, аллея) кіші сәулет нысандар, құрал-жабдық, құрылғыларын (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б), жаяу жүргінші жолы мен балалар ойын алаңдарын бояу, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——
В ЭТОМ ГОДУ В ТУРКЕСТАНЕ ПОСАДЯТ БОЛЕЕ 300 ТЫСЯЧ САЖЕНЦЕВ ДЕРЕВЬЕВ
В Туркестане в этом году планируется посадить 316 400 деревьев. Из них 202 400 экземпляров будут посеяны в весенний период, а в осенний – 134. Кроме того, в целях благоустройства города высаживают 35 000 штук многолетних и однолетних цветочных саженцев, таких как розы, хризантемы, эустомы, шафран, шалфей, гортензии, катарантусы и другие.
Всего в областном центре объекты озеленения составляют 626 га. В нем 32 парка, 49 скверов, аллея, 56 газонных улиц, 16 зеленых насаждений, 262 гектара газонов и 8 гектаров простирающихся цветников и более 1 200 000 деревьев.
В прошлом году в городе Туркестан высажено 314 тыс. штук деревьев, 62 тыс. штук различных многолетних и однолетних цветов. Сегодня ведутся работы по подвязке опор к посаженным деревьям, открытию канавы, прополке, обрезке, чтобы придать дереву форму.
Кроме того, в 81 месте отдыха города (сквер, парк, аллея) ведутся работы по покраске, ремонту, реставрации малых архитектурных объектов, оборудования, сооружений (скамейки, трещины, скульптуры и т.д.), пешеходных дорожек и детских игровых площадок.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments