Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ КҮРЕСТЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ 1 ОРЫН АЛДЫ

Талдықорған қаласында 1-6 ақпан аралығында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті. Тартысқа толы бәсекеде 1 500-ге жуық балуан 28 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жалпы командалық есепте 7 медальді қоржынға салған Түркістан облысы құрамасының жас спортшылары 1 орыншы орынды еншіледі.
Ұлттық спортты ұлықтаған байрақты бәсекеде 38 келі салмақ дәржесінде Саят Қалмұрзаев, 42 келіде Нұрдәулет Айдарбекұлы, 55 келіде Дулат Қайсар алтын медальді қоржынға салса, 50 келіде Бекарыс Әмірбек, 65 келіде Ернұр Әмірбеков және 75 келіде өнер көрсеткен Қуаныш Өтеген 2 орынды иемденді. Сонымен қатар, 38 келіде сынға түскен Шоқан Уәлихан қола медаль қанжжығасына байлады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
СБОРНАЯ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАНЯЛА 1 МЕСТО В ПЕРВЕНСТВЕ СТРАНЫ ПО БОРЬБЕ
В Талдыкоргане с 1 по 6 февраля прошло первенство страны по қазақ күресі среди юношей. В схватках на татами соревновались около 1 500 борцов в 28 весовых категориях. В общекомандном зачете 1 место заняли юные спортсмены сборной Туркестанской области, принесшие в копилку 7 медалей.
В национальном виде спорта золото завоевали Саят Калмурзаев в весовой категории 38 кг, Нурдаулет Айдарбекулы в весовой категории 42 кг, Дулат Кайсар в весовой категории 55 кг, серебро досталось Бекарыс Амирбеку в весовой категории 50 кг, Ернур Амирбекову в весовой категории 65 кг и Куаныш Отегену в весовой категории 75 кг. Кроме того, Шокан Уалихан в весе 38 кг завоевал бронзовую медаль.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 200 ГЕКТАР АЛҚАПҚА ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГІЛДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *