Бұл туралы брифингте Түркістан облысының Әділет департамент басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, департамент өткен жылы азаматтарға 3 025 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Ал заңды тұлғаларға облыс көлемінде 1 542 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
«Департамент құзыретіндегі қызметтің бірі — алимент өндіру. 2023 жылы аталған салада 27 270 атқарушылық құжат болса, оның 4 447-і былтыр толық орындалды. Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының ұсынысы бойынша 3 айдан астам берешегі бар 81 борышкер жұмысқа орналасты. Борышкерлердің мүлкін тәркілеу бойынша 302 құжат рәсімделді. Сондай-ақ, заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу бойынша да 26 іс толық іске асты. Ал жалақыдан өндіру бойынша 17 құжат қаралып, 9 380 056 теңге өндірілді. 2023 жылы мемлекеттік сот орындаушыларымен мемлекет пайдасына 39 666 307 теңгеге атқарушылық санкция өндірілген»,- деді департамент басшысы.
Бұдан бөлек, департамент нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережелерінің сақталуына 43 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1 нотариустың лицензиясы уақытша тоқтатылып, 1 нотариус лицензиясынан толық айрылған. Сондай-ақ, 17 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Одан бөлек, департамент тарапынан 1 адвокаттың лицензиясы тоқтатылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_____
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ДЕПАРТАМЕНТОМ ЮСТИЦИИ ОКАЗАНО БОЛЕЕ 3 ТЫСЯЧ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ
Об этом на брифинге сообщил руководитель Департамента юстиции Туркестанской области Мухит Тургараев.
По словам спикера, гражданам в прошлом году департаментом оказано 3 025 государственных услуг. А юридическим лицам в области оказано 1 542 государственных услуг.
«Одна из функций департамента — взыскание алиментов. В 2023 году в данной сфере было состояло 27 270 исполнительных документов, из них 4 447 исполнены полностью в прошлом году. Кроме того, по предложению частных судебных исполнителей трудоустроен 81 должник с задолженностью более 3 месяцев. По конфискации имущества должников оформлено 302 документа. Также полностью реализовано 26 дел по принудительному сносу незаконно построенного здания. А по взысканию с заработной платы рассмотрено 17 документов, взыскано 9 380 056 тенге. В 2023 году государственными судебными исполнителями в пользу государства наложены исполнительные санкции на сумму 39 666 307 тенге», — сказал руководитель департамента.
Кроме того, департаментом проведено 43 проверки законности нотариальных действий и соблюдения правил нотариального производства. В результате 1 лицензия нотариуса была приостановлена, а лицензия одного нотариуса была отозвана. Также к дисциплинарной ответственности привлечены 17 нотариусов. Кроме того, департаментом приостановлена лицензия 1 адвоката.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Comments