Түркістан облысында 2022-2023 оқу жылында 30 мыңға жуық 11 сынып оқушысы мектеп бітірді. Оның 983-і «Серпін» бағдарламасына оқуға түсіп, бүгінде білім алып жатыр. Түркістан облысы жастарының үлесі — 2018 жылы жалпы берілген 5 мың гранттың 67,3%-ын, 2019 жылы 5100 гранттың 45%-ын құрады. 2020 жылы 5100 квотаның 2 100-ін Түркістан облысының жастары иеленді. 2021 жылы 5 600 грантқа 979 түркістандық студент университетке қабылданған. Ал 2022 жылы қаралған 3 600 грантқа 1 мыңға жуық оқушы, 2023 жылы 3 653 квота беріліп, өңірдің 983 мектеп түлегі «Серпін» бағдарламасының қатысушысы атанған.
Түркістандық студенттердің жағдайымен танысу үшін мамандардан құрылған арнайы топ жуырда Солтүстік өңірлерге аттанды. Алдағы уақытта бір апта көлемінде Қарағанды, Көкшетау, Павлодар қалаларындағы 8 университетке барып, кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Жұмысшы топ Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде болып, білім ордасының оқу бағдарламасы және жатақхана жағдайымен танысып үлгерді.
Жалпы бағдарламаның ерекшелігі — мектепті тәмамдаған түлектерге Солтүстік, Шығыс немесе Батыс Қазақстан облыстарының бір жоғары оқу орнын таңдау беріледі. Сондай-ақ, олар оқуды аяқтаған соң тұрақты жұмысқа орналаса алады. Талдау барысы көрсеткендей, серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_____
ТУРКЕСТАН: 90% ПОСТУПИВШИХ ПО ПРОГРАММЕ «СЕРПІН» ТРУДОУСТРОЕНЫ НА ПОСТОЯННУЮ РАБОТУ
В Туркестанской области в 2022-2023 учебном году школу окончили около 30 тысяч учащихся. Из них 983 поступили по программе «Серпін» и сегодня получают образование. Доля молодежи Туркестанской области в 2018 году составила 67,3% из 5 тыс. грантов, в 2019 году — 45% из 5100 грантов. В 2020 году из 5100 квот 2 100 получили молодые люди Туркестанской области. В 2021 году в университеты было зачислено 979 туркестанских студентов на 5 600 грантов. А на 3 600 грантов, рассмотренных в 2022 году, было присуждено около 1 тыс. выпускников, в 2023 году — 3 653 квоты, 983 выпускника школ региона стали участниками программы «Серпін».
Для ознакомления с положением дел у туркестанских студентов группа специалистов недавно отправилась в северные регионы. В течение недели планируется посещение 8 университетов Караганды, Кокшетау, Павлодара и проведение встреч. Рабочая группа посетила Карагандинский технический университет им.А. Сагинова и Карагандинский университет им.Е. Букетова, где ознакомилась с учебной программой вуза и условиями общежития.
Особенностью программы является то, что выпускникам, окончившим школу, предоставляется выбор одного высшего учебного заведения Северной, Восточной или Западно-Казахстанской областей. Они также могут получить постоянную работу после окончания учебы. Анализ показал, что 70-90 процентов динамики приходится на постоянную работу.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Comments