Жаңалықтар

Президент реформасы – дамудың жаңа табалдырығы

Соңғы жылдары елімізде орын алған саяси өзгерістер, нақтырақ айтсақ, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс Президент сайлауы, Парламент Мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сайлауы «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы нақты қадамдар деп сеніммен айтсақ болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қай реформасы болмасын халық игілігін жақсарту үшін бағытталған. Жалпы, реформалардың басты мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік теңдікті орнатуға бағытталған.

Қасым-Жомарт Кемелұлы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа ала отырып, қоғамның қажеттілігіне негізделген еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген мәселелерді шешу жолына арналған жаңа Жолдау, елдің дамуына да біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетті.

Осыған сәйкес, бүгінгі таңда Президент реформалары өз нәтижесін беруде. Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Сенат пен Парламент Мәжілісінің міндеттері артты. Бұл жерде барлық деңгейдегі мәслихаттың құзыреті артқанын да айта кеткен жөн. Мәслихат өз алдына жеке институт ретінде қалыптасты. Мәслихат депутаттары бюджетті бекітетін, қарастыратын, оны қадағалайтын органдардың біріне айналды.

Айгерім ДУЙСЕНБЕКОВА,Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы

Біз жергілікті бизнесті қолдай алдық

Алдыңғы

Президент реформасы-жаңашылдықтың бастауы

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *