Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарғалы ауылында қайырымды жандардың қолдауымен тағы да бір отбасы қоныс тойын тойлады. Ауыл жастары баспанаға мұқтаж Кенжекүл Батырбайқызының отбасына баспана сыйлады.
Қарғалы ауыл округінің әкімі Еркеғали Жұмабек, «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров, Қарғалы ауыл округінің төбе биі Ерлан Шоманов және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қарғалылықтардың қуанышымен бөлісіп, ізгі тілектерін айтты.
Жаңа жыл қарсаңында жаңа үйге кірген ауыл тұрғыны үлкен армандарының бірін орындаған азаматтарға шексіз ризашылығын білдірді.
Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі. Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиелектің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Қарғалы ауылында адал тапқан нәпақасын қайырымдылыққа жұмсап, мұқтаж жандарға жанашырлық танытып жүрген азаматтар саны артып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
———-
ТУРКЕСТАН: МОЛОДЕЖЬ ОТЫРАРСКОГО РАЙОНА ПОДАРИЛА ЖИЛЬЕ МАТЕРИ-ОДИНОЧКЕ
В селе Каргалы Отырарского района при поддержке благотворителей еще одна семья отметила новоселье. Сельская молодежь подарила жилье семье нуждающейся Кенжекуль Батырбайкызы. Радость с ней разделили аким Каргалинского сельского округа Еркегали Жумабек, исполнительный секретарь Отырарского районного филиала партии «AMANAT» Еркегали Танатаров, бий округа Ерлан Шоманов, аксакалы, жители села.
Кенжекуль Батырбайкызы, справившая новоселье в канун Нового года, выразила большую благодарность людям, исполнившим ее мечту.
Радует, что в селе Каргалы растет число граждан, которые активно занимаются благотворительностью и помогают нуждающимся.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments