ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғам

ТҮРКІСТАНДА ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістанда білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мәжілісі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Сонымен бірге министрлік өкілдері, аудан, қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары, құзырлы орган өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық және аудан, қала деңгейдегі әдіскерлер, облыстық білім мекемелерінің басшылары және мектеп директорлары қатысты. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды.

Оқу-ағарту министрлігі мен облыстық білім басқармасының бірлескен бұйрығы негізінде биыл 13-24 қараша аралығында Түркістан өңіріндегі 5 аудан, қаладағы 235 мемлекеттік орта білім беру ұйымында кешенді мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен саладағы бірқатар жүйелі кемшіліктер бар екені анықталды. Бұл туралы мәжілісте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Елнұр Дәуенов баяндамасында айтып өтті.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Түркістан өңірінің әлеуеті зор екеніне тоқталып, білім саласы қызметкерлерін ауызбіршілікпен жұмыс істеуге шақырды.

– Қай заманда да ұстаздар, ағартушылар өзінің зиялы сөзімен, білімімен, жүріс-тұрысымен көпке үлгі болып, қоғамды ағартқан. Елді бірлікке, жақсылыққа, ізгілікке бастаған. Ұстаздар қауымына үлкен міндет жүктелген. Сіздер адал қызмет етіп, ұрпаққа білім беріп, Түркістан облысының идеологиялық жұмыстарына көмектесулеріңіз керек. Саладағы біраз мәселелер анықталып, талқыланды. Енді біз ойлануымыз керек. Өйткені, білім саласы ол – мемлекеттің қауіпсіздік саласы. Алдағы уақытта Түркістан өңірі білім саласында биік белестерден көрініп, рухани орталық екенін дәлелдей түседі деп сенемін. Министрлік тарапынан тарихи өңірге қолдау көрсету жалғаса береді, – деді Ғани Бейсембаев.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім саласына қолдау көрсету, білімді ұрпақ тәрбиелеу – ең басты міндет екенін жеткізді. Өңірде білім сапасын жақсарту, материалдық базаны жаңарту, мектептер салу, «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясындағы жұмыстарды баяндап, білім саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын мәлімдеді.

– Сіздерді алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бүгінгі жиында – білім беру ісіндегі жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді саралап, алдағы міндеттерді талқылаймыз. Мен облыс әкімі қызметіне кірскен сәттен бастап, осы саладағы мәселелерді зерделеп, жұмыс жоспарын жасадық. Аудан, қалаларға іссапарларымда әкімдермен бірге міндетті түрде білім бөлімі басшыларының да есептерін тыңдаймын. Мәселелерді анықтап, осы саладағы жұмысты бақылап жүремін. Себебі, білім саласын дамытпай, қоғам дамуы қиын. Түркістан облысы бюджетінің 48,2 пайызы білім саласына бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мектеп тапшылығын жою, оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау жөнінде тапсырма берді. Осы мақсатта облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынуда. Биыл осы мектептердің 20-сы оқушыларды қабылдайды. Облыста балаларды қорғау, әлеуметтік қолдау мақсатында нақты шаралар қабылданып, бюджет шығыстары есебінен 12 млрд. теңге қаралды. «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 5,9 млрд. теңге қаржы бөлдік. Мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамера орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Мемлекеттік 938 білім беру мекемесі 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды. 573 білім беру ұйымы толық лицензияланған күзет қызметіне өтті. Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы бастауыш сыныпта оқитын оқушылар түгел ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін оған облыстық бюджеттен 6,2 млрд. теңге қаржы қаралды. Біз білім беру саласына қолдау көрсетуді, білім сапасын жақсарту, саладағы кемшіліктерді жою, білім бөлімі басшылары мен директорларының жауапкершілігін көтеру жұмыстарын жалғастыра береміз, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, білім саласындағы мәселелерді шешу бағытында Жол картасы әзірленіп, тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында бүгінгі күні жалпы 1032 мектепте 520 мыңға жуық оқушы білім алуда. Ал 1409 балабақшада 157 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Сонымен бірге өңірдегі 52 колледжде 40 мыңнан астам студент оқиды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

—————-

В ТУРКЕСТАНЕ ОБСУДИЛИ АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ С УЧАСТИЕМ МИНИСТРА ОБРАЗОВАНИЯ РК

В Туркестане состоялось заседание, на котором обсуждались актуальные вопросы в сфере образования. В нем приняли участие министр просвещения Республики Казахстан Гани Бейсембаев, аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды. Также приняли участие представители министерства, ответственные за сферу заместители акимов районов, городов, представители компетентных органов, руководители районных, городских отделов образования, методисты областного и районного, городского уровней, руководители областных учреждений образования и директора школ. Совещание вел заместитель акима Туркестанской области Бейсен Тажибаев.

На основании совместного приказа Министерства образования и областного управления образования с 13 по 24 ноября текущего года в 5 районах Туркестанского региона, 235 государственных организациях среднего образования города проведен комплексный мониторинг, по итогам которого выявлен ряд системных недостатков в отрасли. Об этом в ходе заседания сообщил председатель комитета по обеспечению качества в сфере образования Министерства образования РК Елнур Дауенов.

Министр образования РК Гани Бейсембаев отметил большой потенциал Туркестанской области и призвал работников образования работать дружно.

— Издавна учителя, просветители своими интеллектуальными словами, знаниями, поведением стали образцом для подражания и просвещали общество. Они вели страну к единству, добру. На учителей возложена большая задача. Вы должны добросовестно служить, давать знания поколениям, помогать идеологической работе Туркестанской области. Были выявлены и обсуждены некоторые вопросы в отрасли. Теперь нам нужно подумать. Ведь сфера образования — это сфера безопасности государства. Уверен, что в дальнейшем Туркестанская область станет духовным центром в сфере образования. Со стороны министерства будет продолжена поддержка исторического региона, – сказал Гани Бейсембаев.

Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды отметил, что поддержка сферы образования, воспитание образованного поколения – это главная задача. В регионе ведется работа по улучшению качества образования, обновлению материальной базы, строительству школ, в рамках проекта «Безопасная школа», на работников сферы образования возлагается большая ответственность.

— Поздравляю вас с наступающим Новым годом! На сегодняшнем собрании проанализируем наши успехи и недостатки в работе образования, обсудим предстоящие задачи. С того момента, как я вступил в должность акима области, мы изучили вопросы в этой области и составили план работы. В командировках в районы, города с акимами обязательно заслушиваю отчеты руководителей отделов образования. Выявляю проблемы и наблюдаю за работой в этой сфере. Это потому, что без развития сферы образования трудно развиваться обществу. 48,2% бюджета Туркестанской области выделяется на образование. Глава государства Касым-Жомарт Кемелович дал поручение ликвидировать дефицит школ, создать условия для беззаботного обучения учащихся. С этой целью в области в период с 2023 по 2025 годы строится 96 школ. В этом году 20 из этих школ принимают учащихся. В области приняты конкретные меры по защите детей, социальной поддержке, за счет бюджетных расходов предусмотрено 12 млрд тенге. В рамках проекта «Безопасная школа» мы выделили 5,9 млрд тенге на обеспечение безопасности детей. В школах установлено более 7 тысяч видеокамер и подключено к центру оперативного управления Департамента полиции. 938 государственных образовательных учреждений на 100% охвачены тревожной кнопкой и подключены к центру оперативного управления. 573 организации образования перешли на полностью лицензированную охранную службу. С нового учебного года все учащиеся начальных классов области обеспечены горячим питанием. До конца года для этого из областного бюджета было выделено 6,2 млрд тенге. Мы продолжим оказывать поддержку в сфере образования, улучшать качество образования, устранять недостатки в отрасли, повышать ответственность руководителей и директоров отделов образования, – сказал Дархан Сатыбалды.

На совещании был заслушан доклад руководителя Управления образования Туркестанской области Галымжана Жумашева. По его словам, в направлении решения проблем в сфере образования разработана дорожная карта и ведется соответствующая работа.

Отметим, в Туркестанской области на сегодняшний день в 1032 школах обучается около 520 тысяч учащихся. В 1409 детских садах воспитываются около 157 тысяч детей. Кроме того, в 52 колледжах региона обучается более 40 тысяч студентов.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА 600 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *