Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАРЛЫҚ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Жылу орталығын 2023-2024 жылдарға жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында демеушілер есебінен 4 қазандыққа да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Гидравликалық сығымдау, тексеру жұмыстарынан өткізіліп, жылыту маусымына толық дайындығы қамтамасыз етілді. Жұмыс барысы тікелей Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында. Жөндеуден өткен 4 қазандықтың жалпы қуаттылығы Кентау қаласын толық тұрақты жылумен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Қазіргі таңда қаладағы жылу жүйесі қалыпты жағдайға келді. Жылу жүйесінде орын алуы мүмкін қауіпті апаттар тоқтатылып, жылу режимі тұрақталды. Орталықта 4 қазандық іске қосылып, қалыпты режимде жұмыс атқаруда. Тікелей судың бару температурасы +64,5 градусты көрсетсе, қайтуы +45,8 градусты көрсетіп тұр. Сыртқы ауа температурасы +4℃ болып тұр. Орталықта көмір, мазут отынының қоры жеткілікті.

Айта кетейік, «Кентау сервис» МКК-сі № 5 ЖЭО кәсіпорны 1934 жылы құрылған. Қондырғылар 1952 жылы орнатылған. Жылу құбырларының ұзындығы 169 шақырымды құрайды. Кентау қаласында №5 ЖЭО-ғы 14 000 астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 350-ге жуық көпқабатты үй, 100-ден аса бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2 мыңнан аса жеке сектордағы үй бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

———-

ТУРКЕСТАН: ВСЕ КОТЕЛЬНЫЕ ТЕПЛОЦЕНТРА В КЕНТАУ РАБОТАЮТ

Теплоэлектроцентр №5 города Кентау работает в нормальном режиме. В рамках подготовки к отопительному сезону 2023-2024 годов за счет спонсоров был проведен текущий ремонт объекта и ремонт четырех котельных. Проведены гидравлические компрессионные, проверочные работы, обеспечена полная готовность к отопительному сезону. Ход работ находится непосредственно на контроле акима Туркестанской области Дархана Сатыбалды.

Общая мощность четырех котельных, прошедших ремонт, достаточна для обеспечения полноценного стабильного отопления города Кентау.

В настоящее время система отопления в городе пришла в норму. Взят контроль над опасными ситуациями, которые могут произойти в системе отопления, тепловой режим стабилизирован. В центре запущены четыре котла, они работают в нормальном режиме. Прямая температура воды показывает +64,5 градуса, а возврат — +45,8 градуса. Температура наружного воздуха остается +4℃.

В центре достаточно запасов угля и мазутного топлива.

ТЭЦ №5 ГКП «Кентау сервис» была создана в 1934 году, а оборудование установлено в 1952 году. Протяженность тепловых труб составляет 169 километров. ТЭЦ обеспечивает теплом более 14 тысяч абонентов Кентау — около 350 многоэтажных домов, более 100 бюджетных учреждений, 401 коммерческий объект и более двух тысяч домов частного сектора.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ӨҢІР БАСШЫСЫ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ҚОЙМАЛАР КӨБЕЙЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *