Жаңалықтар

ӨҢІР БАСШЫСЫ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданында құқық қорғау органдарының және жауапты басқарма басшыларының қатысуымен бірыңғай қабылдау өткізді. Мұндай ашық форматтағы жеке қабылдау өңір басшысы тарапынан барлық аудан, қалаларда тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мақтааралдық тұрғындар түрлі сала бойынша сауалдарын қойып, өтініштерін айтты. Мұқият тыңдаған өңір басшысы әрбір мәселе заң аясында қаралатынын, ұсыныс пен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүретінін жеткізді.

Қабылдауға келген азаматтар тозығы жеткен үш білім ошағына жаңа ғимарат салуды, канал басына қосымша сусорғы орнатуды сұрады. Сонымен қатар медицина, білім саласы және тік дренаждар мен ағын су, жылу мәселелерін көтерді. Сот шешімі бойынша бөлінген мүліктерді берудегі мәселелер де айтылды. Тұрғындардың бірі жалпы орта мектептен заңсыз жұмыстан шығарылғанын айтып шағымданса, тағы бірі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінің мақсатын өзгертуді өтінді.

Жалпы қабылдауға жиырмадан аса азамат келді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды. Ондаған тұрғынға облыс әкімінен бастап, құқық қорғау органдары мен басқарма басшыларына тікелей шағымы мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік берілді. Оларға түйткілдердің шешілу реті мен заңдылығы түсіндірілді. Мұндай форматтағы қабылдау облыстың өзге де аудан, қалаларында жалғасын табады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

———

ГЛАВА РЕГИОНА ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПРОВЕЛ ЕДИНЫЙ ПРИЕМ ГРАЖДАН В МАКТААРАЛЬСКОМ РАЙОНЕ

Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды провел единый прием жителей в Мактааральском районе с участием руководителей правоохранительных органов и ответственных управлений.

Личные приемы в открытом формате проводятся главой региона на постоянной основе во всех районах и городах области. Мактааральцы задавали различные вопросы. Внимательно выслушав граждан, глава региона отметил, что каждый вопрос рассматривается в рамках закона, предложения и обращения жителей вносятся в протокол, по ним ведется работа.

Прибывшие на прием граждане попросили построить новое здание для трех ветхих школ, установить дополнительный отсек в начале канала. Они также подняли вопросы медицины, образования, водостоков и поливных вод, теплоснабжения. Также были озвучены вопросы передачи имущества, выделенного по решению суда.

Один из жителей пожаловался на незаконное увольнение из средней школы, а другой просил изменить назначение своей земли сельскохозяйственного назначения на другое.

Такие встречи с населением, проходящие в соответствии с концепцией «слышащего государства» и принципом открытости, позволяют оперативно решать проблемы сельчан. Жители имеют возможность напрямую задать вопросы представителям власти — начиная от акима области и до руководителей правоохранительных органов и управлений. Во время приемов гражданам разъясняют порядок и законность решения проблем.

Приемы в таком формате продолжатся в других районах и городах области.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ  

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАРЛЫҚ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *