Жаңалықтар

КЕНТАУ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Кентау қаласындағы № 5 жылу электр орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Жылу температурасы +57-ні көрсетсе, кері қайтару температурасы + 41. Барлық электр-жылу желілері қалпына келтірілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Мектептер мен балабақшалардың резервтік қазандықтарын қосу мәселесі қаралуда.

Күннің күрт сууынан және жылу құбырларындағы темпуратураның төмендеуінен қала ішіндегі жылу құбырларында ақау пайда болып, тұрғындарды әбігерге салған болатын. Арнайы бригаданың шұғыл әрекет етуінен жарылған құбырлар қалыпқа келтірілді. Қазіргі таңда қала тұрғындарын толықтай жылумен қамту мақсатында жұмыс штаттық режимде жүруде. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов және Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, желтоқсанның 13-нен бастап дауылды жел соғып, қалада жарық өшкен. Салдарынан 4 қазандық сөніп, жылу желісінің температурасы 60-тан 27 градусқа дейін төмендеді. Одан кейiн кей жерлерде екпiнi 40 м/с және одан да жоғары болатын қатты желден жылу жүйесі 6 рет тоқтап қалды.

Жылу орталығында соңғы рет күрделі жөндеу осыдан 10 жыл бұрын жасалған. Биыл демеушілер есебінен 4 қазандық жөндеуден өтті. Әлі екі қазандық толық жаңартылады.

«Кентау сервис» МКК-сі № 5 ЖЭО кәсіпорны 1934 жылы құрылған. Қондырғылар 1952 жылы орнатылған. Жылу құбырларының ұзындығы 169 шақырымды құрайды. Кентау қаласында №5 ЖЭО-ғы 14 000 астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 350-ге жуық көпқабатты үй, 100-ден аса бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2 мыңнан аса жеке сектордағы үй бар.

КЕНТАУСКИЙ ТЕПЛОЭНЕРГОЦЕНТР РАБОТАЕТ В СТАБИЛЬНОМ РЕЖИМЕ

Кентауский ТЭЦ №5 работает в штатном режиме. Температура подачи + 57°, температура обратки + 41°. Восстановлены все электро-тепловые сети. Организовано круглосуточное дежурство.

Рассматривается вопрос подключения резервных котельных школ и детских садов.

Из-за резкого похолодания и снижения температуры в тепловых трубах произошел сбой внутри города, что привело к ажиотажу среди жителей. Благодаря экстренному реагированию специальной бригады были восстановлены трубы. В настоящее время в целях полного теплоснабжения жителей города работа ведется в штатном режиме.

Первый заместитель акима Туркестанской области Зулпыхар Жолдасов и аким города Кентау Жандос Тасов встречаются с жителями и проводят разъяснительную работу.

Стоит отметить, что 13 декабря подул ураганный ветер, и в городе отключилось электричество. В результате отключились 4 котла, а температура теплосети упала с 60 до 27 градусов. Затем в некоторых местах от сильного ветра порывами до 40 м/с и выше система отопления 6 раз останавливалась.

Последний раз капитальный ремонт в теплоцентрале делали 10 лет назад. В этом году за счет спонсоров отремонтировано 4 котельных. Еще два котла будут полностью обновлены.

Предприятие ТЭЦ №5 ГКП «Кентау сервис» создано в 1934 году. Оборудования были установлены в 1952 году. Протяженность тепловых труб составляет 169 километров. В городе Кентау ТЭЦ №5 обеспечивает теплом более 14 000 абонентов. Из них около 350 многоэтажных домов, более 100 бюджетных учреждений, 401 коммерческий объект и более 2 тысяч домов частного сектора.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Алдыңғы

ОТЫРАРДА ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *