ЖаңалықтарМәдениет

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ТЕАТРҒА «ХАЛЫҚТЫҚ” АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Келес ауданындағы «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театрына ҚР Мәдениет және Ақпарат министрінің Бұйрығымен «Халықтық» театр атағы берілді.

-Өнер ұжымы 2018 жылдан бері көрермен көңілінен шыққан қойылымдар ұсынып келеді. Театрдың «Халықтық» атауын алуына сеп болған жайттың бірі — Қостанай облысында жыл сайын сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» атты республикалық әзіл-сықақ театрының фестивалі болды. Биыл төртінші рет өткізілген байқауға 12 театр ұжым қатысқан болатын. Түркістан облысының намысын Келес ауданының «Күлкі терапиясы» театры қорғап, бас жүлдені жеңіп алды. Осыдан кейін ұсыныс түсіп, ресми түрде «Халықтық театр» атандық, — дейді Келес аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Асқар Садыханов.

Театрдың ерекшелігі — әртістердің арасында экономист, аккомпаниатор сынды өзге саланың да мамандары бар. Бүгінде өнер ұжымының «Дәрігер», «Мектеп,» «Лунатик» «Шипажай», «Соғыс ардагері» сынды интермедиялар көрерменнің көңілінен шығып үлгерген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН ҚЫРҒАУЫЛДЫ ҚОЛДА ӨСІРІП КӘСІП ЕТКЕН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *