Облыс тұрғындары күнделікті өмірде шешiмiн таппай жүрген мәселелерді өңір басшысына еркін жеткізе алады. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданында жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Ашық пікір алмасу өтіп, қордаланған мәселелер ортаға салынды. Қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, оңтайлы шешілуіне атсалысты.
Қабылдауға жазылған Ащыбұлақ ауылының тұрғыны жеке кәсіпкерлігіне мемлекеттік грант қарастыруды сұрап, көп балалы аналарға жәрдем көрсету туралы ұсынысын жеткізді. Ал Рабат ауылының тұрғыны ауылдық округтерге ауыз судың үздіксіз берілмеуіне наразы. Қызылқия ауылдық округі, Айнатас ауылының азаматы спорт кешенін салуды сұрай келе, білім саласындағы заңсыздықтар да ортаға салынды. Сонымен бірге алдын ала түскен өтініштер қатарында шаруа қожалығының жер мәселесін шешіп беруді, ауыл әкімдігі тарапынан көмек ретінде берілген жердің құжаттарын заңдастыру, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтарды көбейту мәселелері де бар. Қабылдауда осы және өзге түйткілдер айтылды.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қабылдау барысында тұрғындардың сұрағына заң аясында тұщымды жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мамандар мен сала басшыларына ертерек шешімін табуды тапсырды.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс әкімі тарапынан тұрақты түрде жеке қабылдау өткізіліп келеді. Қабылданған азаматтар тарапынан айтылған өтініш пен ұсыныс-пікірлер негізінде хаттамалық тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
—————
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПРИНЯЛ ЖИТЕЛЕЙ КАЗЫГУРТСКОГО РАЙОНА И ВЫСЛУШАЛ ИХ ОБРАЩЕНИЯ
Жители области могут свободно донести до главы региона вопросы, которые не находят своего решения. Сегодня аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды провел личный прием в Казыгуртском районе и заслушал обращения и предложения граждан. В приеме приняли участие руководители и представители правоохранительных органов и областных управлений.
Жительница села Ащыбулак обратилась с просьбой рассмотреть возможность предоставления ей государственного гранта и содействия поддержки многодетным матерям. А житель села Рабат недоволен подачей питьевой воды. Житель села Айнатас Кызылкийского сельского округа обратился с просьбой о строительстве спортивного комплекса.
В числе обращений — просьба крестьянского хозяйства о решении земельного вопроса, вопросы легализации документов на землю, увеличения количества центров для детей с ограниченными возможностями. На приеме были озвучены эти и другие проблемы.
Аким области Дархан Сатыбалды дал исчерпывающие ответы на вопросы жителей в рамках закона и поручил специалистам и руководителям отраслей найти оперативное решение по поднятым вопросам.
Личные приемы граждан акимом области проводятся с начала года на постоянной основе. На основании обращений и предложений граждан даются протокольные поручения.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments