Жаңалықтар

Түркістан облысында 13 мыңнан астам шетелдік автокөлік қазақстандық нөмір алды

Бүгінгі таңда шетелдік автомобильдерді заңдастыру акциясын өткізу аясында, Түркістан облысы бойынша 19 мыңнан астам шетелдік автокөлік иесінен өтініш келіп түсті. Тексеруден өткен 13027 шетелдік көлік ҚР мемлекеттік нөмірін алды.

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері акцияның біржолғы екенін айта отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылғы 1 шілдеге дейін берілген өтінімдер 2023 жылғы 30 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын ескертеді.

Естеріңізге сала кетейік, автокөлікті заңдастыруға өтінімдерді электрондық е-gov.kz үкімет порталы мен Түркістан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.

Полицейлер азаматтарды автокөлікті заңдастыруды кейінге қалдырмауға, берілген мүмкіндікті пайдалануға және өз көлік құралдарын тіркеуге шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Даны официальные разъяснения по вопросам в отношении некоторых объектов города Туркестана

Алдыңғы

Оқу-әдістемелік жиын: тәжірибе алмасу және жеке құрамды тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін игеру

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *