Әлем жаңалығыӘлеуметҚоғам

СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕН ҮЙРЕНГЕНІМІЗ МОЛ

Алматыда «Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association – WFPA), «Шеврон» компаниясы ұйымдастырған «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбымен өтіп жатқан шараның бүгін екінші күні.

    Әр мемлекеттен түркітілдес БАҚ басшылары мен Қазақстанның барлық облыс-аудандарынан келген журналистер қауымы бірнеше топқа бөлініп, семинар- тренингтерге қатысты. Модератор —  осы түркітілдес журналистер қоғамдық қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы.

    Атап айтқанда, «Психологиялық қысым және эмоцияны басқару», «Эмпатия» тақырыбы бойынша медиатренер Жания Бисенова жан-жақты түсіндіріп, топпен тәжірибелік жұмыс жүргізді. Қатысушылар бір-бірімен қызу пікір алмасты. Сонымен қатар «Соғыс, зорлық-зомбылық, табиғи апаттар құрбандарымен сұхбат алу, қарым-қатынас жасаудың психологиялық тәсілдері» туралы да топпен тәжірибелік жұмыс қызықты өтті. Ал медиатренер Мейіржан Әуелханұлы жүргізген «Жасанды интеллектті журналистикада пайдалану» тақырыбы бүгінгі XXI ғасырда өте өзекті болғандықтан, қатысушылардың қызығушылығын ерекше арттырды. Тәжірибелік жұмыста түрлі сұрақтарға жауаптар берілді. Қатысушылар сурет пен видео өңдеуде де көп нәрсені көңілге түйді.

Жалпы айтқанда,  бүгінгі іс-шараның қатысушыларға үйретері мол болды.

Семинар-тренингке қатысушыларға сертификаттар берілді.

#wfpa #дшба #worldforeignpressassociatian #түркітілдесжурналистерқоры

#фондтюркоязычныхжурналистов

#turkdilikonuşangazetecilervakfı

#turkicspeakingjournalists #шеврон #chevron

Жанерке ОРАЛБЕК 

ДОСТЫҒЫМЫЗ АРТА ТҮСУДЕ

Алдыңғы

Отанға қызмет: Шымкентте Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының әскерге шақырылушылары ант қабылдады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *