ӘлеуметЖастар саясаты

“ЕРКІН СӨЗ — 2023”

Еркіндік деген қандай ғажап сөз? Мен еркінмін және бостандық туы аспанда қалықтаған байтақ Қазақстан елінің ұрпағымын.

21 ғасыр қоғамында жалпы обьективті жағдай мен мүмкіндікке, яғни жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемнің өзінде, тіптен философияда еркіндік сөзі мен мағынасына қатысты қайсы көзқарас қалыптасқандығының өзі әр адам еркіндікті өзінше түсінетінінің дәлелі емес пе?

Менің жасым 22-де, мен Алматы қаласында жоғары оқу орнын бітірдім. Мектепте оқып жүрген  сәттерде мен үшін болашақ бір қызықты еді. Тез есейгім келіп, мектеп кезі қиын сияқты оймен жүретінмін. Бірақ шындық олай емес екен. Өмірде ересек бола келе, көзіміздегі көзілдірікті шешуге тура келеді. Соның бірі қаржылық сауаттылық пен бұл әлемде ақша мен жарғысы         /статут/ көп нәрсе шешетіндігі.

Сіздерге бүгін бұл мүмкін өте қызықсыз болып көрінер, бірақ та мақала қаржыға қатысты болғандықтан, Қазақстан Республикасының отбасындағы орта есептегі қаржы мен қазіргі таңдағы айлық мөлшеріне өмір сүру қиын екені жайлы жазып өткім келеді.

Орта есеп жайында көбінесе жаңалықтардан айтып жатқанын естіген кезде мен таң қалатынмын, ақша мөлшері неге жоғары есеппен  көрсетіледі екен деп? Қарапайым халық деген кімдер екенін білесіздер ме? Қарапайым халық бұл автобустарда үйіне барып-қайтатын, күнделікті нан қай дүкенде қанша тұратынын білетін, әрі қолындағы бар қаржыға келесі айлық, зейнетақы және шәкіртақы есептеп жеткізуді ойланатын әрі үнемдеуге ұмтылатын жандар. Қарапайым халық үйіне ақша түскен кезде жинақтап үйге керекті азық-түлік өнімдері мен керекті киімдерге қаражаттың барлығын жеткізе білетіндер. Ал бірақ та, орта есептегі ақша тіптен орта есеп еместігі өте үлкен өкініш тудырады.

Мысалыға алсақ, орта есептегі отбасыға айына кететін ақша мен кіріс шығысты есептесек.

  • Әке – 120 мың теңге
  • Ана — 100 мың теңге
  • Үлкен ұл студент – шәкіртақы 36 мың теңге.
  • Мектеп оқушы қыз.
  • Бала-бақшаға баратын кенже қыз.

Кіріс: 120 мың+100мың+36мың = 256 000 теңге

Шығын:

— Кенже қыз балабақшасы:  -25 мың теңге

20 күн  үйден:

Жұмысқа әке 140 теңге күнде  -2800
Жұмысқа ана 140 теңге күнде  -2800
Оқуға 140 теңге күнде  -2800
Мектепке 140 теңге күнде  -2800

-11 200 теңге

Бір айға үйге азық түлік тізім: ет, сүт, май, жұмыртқа, ұн, жарма және нан өнімдері, сүзбе, ірімшік, баветте, капеллини, вермишель, спагетти, спагеттини, маккерончини, букатини, тағам қоспалары, пісте май, тұз, құмшекер, жеміс-жидек пен көкеністер.  Азық түлік: -130 мың теңге

Су, газ, қоқыс: -8 мың теңге

Интернет желісі: Әлеуметтік  Beeline желісіне орта есеппен 2 290 теңге тарифін таңдасақ. 4 адам интернет желісі: 9 160 теңге.

25 000+11 200+120 000+8 000+ 9 160 = 173 360 теңге.

256 000 – 173 360 = 82 640 теңге.

Осы сәтте қысқы киімдер алу керек болғанда, орта есеппен 18 мыңға алды десек  -90 мың теңге. Егер аяқ киіммен, әрі «Көппен көрген — ұлы той» деп осы қаражатқа 1 той қосатын болсақ – 20 мың теңге.

82 640-90 000 -20 000 = -27 690 біздің шығын кірістен асып кетті.

Осы сәтте біз барынща орта есепті алып есептедік, бірақ шындыққа бетпе-бет келетін болсақ, басқа да шығын көп емес пе? Біз отбасыда көлік жоқ деп есептедік, жеке гигиена мен кір жуғыш ұнтақтарды да қоспадық. Осы сәтте орта есеп деген сөздердегі қаражат мөлшері қайда қалды? Ащы шындық сондай қазіргі таңда,  банктерден ақша, үйге керекті заттар мен тіптен Kaspi Red деген өте танымал. Неге десеңіз? Келген шығын келесі ақша түсетін күнге дейін бітіп қалған жағдайдағы әрекеттер.

Сол себепті орта есеп есептеліп халыққа жариялатар бұрын, неге орта есеп мемлекет қызметкерлер арасында, қарапайым айлығы 200 мыңға дейінгі және жеке меншік бизнестері — жеке кәсіпкерлер орта есебі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік — ЖШС орта есебін, және басқа да орта есептер есептелгені дұрыс емес пе?

Орта есепке барлық халықты бірге қоса есептеп, оларға қате сандар берілгенде, сонда бұл жалған,  яғни өтірік мағлұматтармен тең емес пе? Сонда мемлекет қарапайым халыққа өтірік мағлұматтар беруде ме? Әркім еркіндікті өздігінше түсінгені секілді бұл мағлұмат шығысымен әркімде әр түрлі ойлар болары анық.

«Жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымына тәуелді екені сөзсіз» деген уикипедияның сөзінің өзінде терең мағына бар меніңше. Айлықты бөлу, жолақысы, газ, су, қоқыс, азық-түлік  және де басқалардың бағасының барлығы өз бағасын айдан да, ауадан да алған жоқ қой?

Өмір бумеранг деген сөздер бар, бірақ мен өмір алма-кезек дегім келеді. Бір-біріне жалғанған шынжыр секілді.

Еркіндігіміз елімізде мәңгі болғай. Қазақ ұлты мен Қазақстан елі тарихта орны қалар, әлемге танылатын, ата-бабаның байтақ даласын қадірлей білетін ұрпақ үшін келешегі бар, болашағы бар халық, ұлт және ел болайық!

Жанерке Оралбек Әлиасқарқызы

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Алдыңғы

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *