БизнесЖаңалықтарТехнологияЭкономика

ОРДАБАСЫДА ОҢДЫ ІСТЕР МОЛ

Кеше ғана, 6-қарашада, күздің жарқыраған күнінде Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен үш жүздің басы қосылған Ордабасы ауданында шаруашылық пен өнеркəсіп орындарына көшпелі пресс тур өткізілді. Ə дегеннен БАҚ өкілдері жаңа технологиямен қамтамасыз етілген «Бөрте Милка» сүт-тауарлы зауытын аралап көріп, алдағы жоспарларымен де танысты. Күніне 50 тонна сүт өнімін өңдеп отырған кәсіпорын тағы да 9 тоннаға көбейту үшін «Түркістан» əлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржы алып, онан əрі істерін жандандырмақ. Мұнан соң өнеркəсіпті Бадам өңіріндегі «Bokei» қыш зауытымен де танысты. Күніне 100 мың тонна қыш шығарылуда екен. Шетелдік заманауи құрылғылармен жабдықталған кәсіпорында 30 адам еңбек етеді.

Осыдан 8 жыл бұрын іске қосылған «Kazkioti» трактор құрастыру зауыты қытайдың «DongFeng» компаниясымен бірігіп, жұмыс істеуде. Трактор шаруаларға лизинг арқылы 5 жыл мерзімге 6 пайызбен берілуде екен.

Негізі Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы да ойдағыдай дамыған. Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша аудан жүйелі жұмыс атқарып келеді. Талай шаруа төменгі пайызбен несие алып, кəсібін дөңгелентуде. Соның бірі «Шұбар-1» өндірістік кооперативі. Журналистер олардың еңбегімен де танысты. Биыл жұмысын бастаған «Тоғжан» мал бордақылау алаңының қорасында 16 бас қара мал бордақылануда, алдағы уақытта тағы да санын көбейтпек. Сондай-ақ «Сұлтанберді» жылыжай кешенінің жұмысын да көрді.

Ордабасы ауданында қарттар мен мүгедектерге де ерекше көңіл бөлінеді екен. Аудан орталығы Темірландағы «Шапағат» əлеуметтік қызмет көрсетушілердің жұмысын да көріп, ғимарат алдында шағын жəне орта кəсіпкерлердің шығарған өнімдерін де тамашалады. Мұнан соң аудан əкімі Азат Оралбаев тоғыз айда атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы атқарылар істерге де кеңінен тоқталды.

Иə, журналистер қауымы Ордабасы ауданында осындай оңды істер атқарылып жатқанына көз жеткізіп қайтты.

Еңбектеріңіз еселене берсін, ордабасылықтар!

«Ел бірлігі бәрінен қымбат» — тарихтан алар тәліміміз осы

Алдыңғы

ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *