ЖаңалықтарМәдениетРуханият

ШЕЖІРЕЛІ ҚАРАТАЛДАҒЫ МҰРАЖАЙ

«Сен – қазақсың! Алғызбайтын барыссың!

Ар-ожданның асқағысың, намыссың!

Тағдырыңды танығысы келгендер,

Тасқа басқан тарихыңмен таныссын,»- деп Күләш Ахметова әпкеміз жырлағандай, тарих жайлы сөз қозғасақ әр адам ең алдымен өзі тұрып жатқан өлкенің тарихын білуі маңызды. Өзің туып–өскен өлкенің тарихын білмей, басқа елдердің тарихын айтқаннан еш пайда жоқ. Әр азаматтың жүрегінің түпкірінде туған жері мен туған еліне деген ерекше ықыласы, сүйіспеншілігі болатыны белгілі.

Бүгін менің де қолыма қалам алғызып шабыт сыйлаған туған жерім, жер жәннаты Жетісуымның құт қонып, бақ дарыған мекені Қаратал жайлы болмақ.

Тоқсан бес жылдық тарихы бар, бойына шыбық қадаса тал болатын, өзені «күндіз күміс, түнде алтын» ағатын шежіресі мол аймақ Қараталдың тарихымен танысқысы келген жандар үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды.

Көк Туы көгінде желбірген еліміз үшін маңызды күн «25 қазан — республика күні» қарсаңында аудан орталығы Үштөбеде жас өрендерге кешегі тарлан баһадүр батырлардың өшпес ерліктерін дәріптеп, саналарына сіңіріп, өткенді жаңғыртып ұлт мұрасын ұлықтайтын көптен күткен тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.

#PS: Әгәрәки жолдарыңыз жер жүзін желмаямен желіп өткен Асан қайғы атамыздың өзі жердің жаннаты деп атаған Жетісудың Қараталына жолдарыңыз түсіп жатса, міндетті түрде мұражайға баруларыңызға кеңес берер едім. Қайда жүрсеңіздер де ең алдымен сол өлкенің өткенімен танысқандарыңыз абзал!

«Бір ауыл – бір өнім»: Жетісуға Қырғызстанның тәжірибесі енгізілуде

Алдыңғы

Фармацевтика саласындағы кәсіпкерлерге заңнамалық актілердегі өзгерістер түсіндірілді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *