АймақЖаңалықтарҚоғам

ҰЛЫ ДАЛАҒА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Екі мың жылдық тарихы бар көне Тараздың 50 мыңнан аса халықы бар ең ірі «Ұлы дала» шағын ауданына салынып жатқан жалпы аумағы он гектарды құрайтын саябаққа «Жасыл желек – жердің көркі» атты акциясы аясында алғашқы 1000-ға жуық тал көшеттері отырғызылды.

Шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков ұжымымен  қатар облысымызға көршілес қырғыз елінің Талас облысынан келген қонақтар да қатысып,   саябаққа алғашқы тал көшеттерін отырғызды.

Болашақта саябаққа 4500 мыңға жуық көшет отырғызылады деп жоспарлануда. Атап айтсақ: 600 жуық қарағай, 200-ден аса тікенекті және еуропалық шыршалар, 300-ден аса түрлі сорттағы терек, катальпа, туя, алқоры, үйеңкі, гортензия, сирень, шынар және тағы басқа  көшеттер егілмекші.

Қала басшысының сөзінше: 

— 50 мыңнан аса халықы бар «Ұлы дала» шағын ауданының инфрақұрылымын дамытып, жасыл желекке бөлеу айрықша назарда. Бұл бағытта жоспарланған ауқымды жұмыстар тек мұнымен шектелмейді. Шағын аудан жанынан өтетін екі каналды келесі жылы абаттандыру жоспарлануда. Биыл «Түйте» каналының 1700 метріне тазалау жүргізілуде. Келесі жылы каналдың бойы толық абаттандырылып, тұрғындардың жайлы демалысына жағдай жасалынады екен.

Айнұр Жамалбекқызы

ТҮРКІСТАНДА «ЖАҢАРҒАН ЖЕР, БАҚ ҚОНҒАН ЕЛ –ТҮРКІСТАН!» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Алдыңғы

БАУЫРЛАС ЕЛДЕР ШАРУАЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *