ӘлеуметЖаңалықтарЖастар саясаты

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА NEET САНАТЫНДАҒЫ 3 МЫҢ ЖАС ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

2,1 млн. тұрғыны бар Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 мың. Бұл көрсеткіш халық санының 30 пайызын құрап отыр. Олардың арасында NEET санатындағылары да бар.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде осы жастарға білім беру, қоғамдық ортаға тарту, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу бойынша әрқайсымен жеке түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың үлесін азайту мақсатында облыстағы жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар биылғы жылдан бастап жаңа форматқа ауыстырылды. Аймақтағы «Жастар ресурстық орталықтарының» мамандары ауылдарды, көшелерді аралап мемлекеттік бағдарламалар мен оқу гранттары туралы ақпарат берді. Жастарды жаңаша істерге шақырды. Нәтижесінде жастарға қатысты 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 38 мың жасты жұмыспен және оқу гранттарымен қамту жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 182 мың жасқа кеңес берілді. Бұл іс әлі де жалғасады.

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беретін 50 колледж жұмыс атқаруда. Онда 43 мыңға жуық студент қамтылған. Биылғы оқу жылына 71 мамандық бойынша 15350 орынға мемлекеттік тапсырыс жарияланып, ол толық орындалды. Яғни, гранттар толық игерілді. Оның ішінде NEET санатында 3000 жас колледждерге тегін оқуға түсті. Олар мемлекеттік тапсырыс аясында білім, бизнес, басқару және құқық саласы, инженерлік, құрылыс және өңдеу саласы, әлеуметтік жұмыс және денсаулық сақтау саласы, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық, мал шаруашылығы, қызмет көрсету саласы бойынша білім алып жатыр. 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы 21000 теңгеден 32000 теңгеге көтерілді.

Оқуды бітірген түлектерді жұмыспен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүйелі атқарылып келеді. Алдағы уақытта жаңа кәсіпорындар ашып, сол арқылы жастарды кәсіптік біліммен қамту көзделуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ 3000 МОЛОДЫХ ЛЮДЕЙ КАТЕГОРИИ NEET ПОСТУПИЛИ НА БЕСПЛАТНОЕ ОБУЧЕНИЕ

В Туркестанской области с 2,1 млн жителями проживают 654 тысяч молодых людей в возрасте от 14 до 35 лет. Этот показатель составляет 30% от численности населения. Среди них есть и те, кто относится к категории NEET.

По поручению акима области Дархана Сатыбалды в регионе проводится индивидуальная разъяснительная работа по обучению, вовлечению в общественную среду, трудоустройству и побуждению к предпринимательству молодежи NEET. В целях снижения доли этой категории работа по реализации молодежной политики в области с этого года переведена на новый формат. Специалисты молодежных ресурсных центров провели обход сел и улиц и проинформировали о государственных программах и образовательных грантах. Они призывали молодых жителей к достижениям новых задач и выполнении их.

В результате соответствующей работы в рамках 12-ти госпрограмм, рабочими и учебными грантами планируется охватить 38 тысяч молодых людей. Кроме того, в целях пропаганды государственных программ консультировано 182 тысячи молодых людей. Эта работа продолжается.

В Туркестанской области действуют 50 колледжей технического и профессионального образования. В нем обучаются около 43 тысяч студентов. На этот учебный год объявлен государственный заказ на 15 350 мест по 71-й специальности, который полностью выполнен. То есть гранты освоены полностью. Из них в колледжи на бесплатной основе поступили 3000 молодых людей категории NEET.

В рамках государственного заказа они обучаются в сфере образования, бизнеса, управления и права, инженерной, строительной и обрабатывающей промышленности, социальной работы и здравоохранения, гуманитарных наук и искусства, информационных и коммуникационных технологий, сельского хозяйства, лесного хозяйства, рыболовства, животноводства, услуг.

С 1 сентября стипендия для студентов повышена с 21 000 до 32 000 тенге.

Системно проводится работа по трудоустройству выпускников колледжей. В дальнейшем планируется открыть новые предприятия, что позволит охватить молодежь профильными рабочими местами.

Пресс-служба акима Туркестанской области

КӨКСУЛЫҚ КӘСІПКЕР ЖОЛ БОЙЫНАН СЕРВИС ОРТАЛЫҒЫН АШПАҚШЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ӨРТ СӨНДІРУ КӨЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *