Әлемде жер көлемі жағынан 9-орын алатын қазақ елінің ішкі және көшпелі туризмі жайлы сөз қозғасақ ең алдымен ойымызға оның ажырамас бөлігі, туризмнің маңызды элементі — жол бойындағы сервистер келері анық. Еліміздің барлық деңгейдегі маңызы бар жолдары бойындағы жайлы, әрі жабдықталған қолжетімді сервистік объектілері, елдегі туристік сала қызметі жөнінде қонақтардың жағымды әсер алуы үшін маңызды фактор атқарары сөзсіз. Сонымен қатар бүгінгі таңда елге келушілер легін артыру кезінде шет елдердегідей ми дала кезіп саяхаттап келе жатқан жолаушылар тек үлкен қалалармен аудан орталықтарында ғана да емес, перспективалы жолдар бойындағы ауылдардан да заман талабына сай ас ішіп, демала алатын орын мен дәретханалар қызметін таба алуы маңызды рөл атқаратынын ұмытпаған жөн.
Транзиттік трасса турист алып келеді, ал осы мүмкіндікті пайдаланып, нәсібін көру үшін қашанда қолайлы сервис қажет екені айтпасада белгілі. Ағымдағы қазан айының 10 күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Көксу – Қаратал аудандары филиалдарының директоры Фархат Құсайынов, Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының туризм саласы бойынша салалық сарапшысы Тасболатов Ельдар Хамитұлымен бірге «Туристік кластағы жол бойындағы сервис орталығын» ашқысы келетін «Асыл» шаруақожалығының басшысы , Көксу ауданының тұрғыны Хаташ Абайға мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары барынан кеңес беріп, жобасын талдады.
Салалық сарапшы Ельдар Хамитұлы:
— Бүгін бізден қолдау сұрап келген кәсіпкеріміздің ойына алған қиялындағы жобасы тек арман күйінде қиялында ғана қалмас үшін, жобаны өз сүйемелдеуіме алдым, деді..
Comments