ЖаңалықтарМәдениетРуханият

КӨНЕНІ ЖАҢҒЫРТҚАН — ТАРАЗ

Көнені жаңғыртқан, көне шаһар Тараздағы «Киіз Fest» фестивалі қала күні мерекесіне орай халқымыздың ұмыт боп бара жатқан қолөнерін қайта жаңғырту, ата-бабадан қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтқаны айтпаса да белгілі.

Қазақта киіздің құндылығының жоғары болғаны соншалық, ардақтысын ақ киізге отырғызған. Киіз салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпта да астарласып үндесіп жатыр. Ел ішіндегі «киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз ғой» деген сөз соның бір айғағы іспеттес.

Республика көлемінде алғашқы рет ұйымдастырылған «Киіз Fest» фестивалінде 12 топ бақ сынады. Әуелі қатысушылар өз қолдарымен дайындаған киіздері мен ұршықпен иірілген жіптерін қазыларға ұсынып, өнімнің атауын, дайындау ерекшелігі мен жасау техникасын, шығу тарихын кеңінен түсіндірдіріп өтті. Мұнан кейін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір РЫСБАЙҰЛЫ сөз алып:

— Қазіргі жаһандану дәуірінде ұмытылып бара жатқан киіз басуды заманауи үлгіде жаңғыртып, алдағы уақытта ұлттық құндылығымызды насихаттауға өз үлестерін қосатынына сенімім мол, – деген ол  қазылар алқасының шешімімен жеңіске жеткен фестиваль жеңімпаздарын марапаттады.

Айнұр ЖАМАЛБЕКҚЫЗЫ 

“АЛТЫН МҮЙІЗДЕГІ” “МОДЕРН СТАМБҰЛ”

Алдыңғы

ҚАРИЯСЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛ ОЗАР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *