ЖаңалықтарМәдениетРуханият

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТАРАЗ

Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін 2000 жылдан астам тарихы бар, талай қарағай басын шортан шалған замандарды басынан өткерген. Көне ықылым замандарда, аузын айға білеген талайларға астана, бас қала бола білген. Өткен заманның бүгінгі куәгері, кешегі Айша мен Қараханның шексіз махаббатына куә болған оңтүстіктің жауһары. Алты алаш үшін қасиетті киелі мекеннің байырғы мәдениеті мен тәуелсіздік жылдарында қайта түлегенінен сыр шерткен тарихымыздың темірқазығы көне шаһар Тараздың қала күніне орай қала әкімдігі «Тараз – тарих толқынында!» атты республикалық фото байқауын ұйымдастырған болатын.

Байқаудың мақсаты екі мың жылдан астам тарихы бар Тараздың бүгінгі кескін-келбетін фото камера объективі арқылы көпшілікке жаңа қырынан танытып, байқауға өз туындысын ұсынған кәсіби мамандарды анықтап, олардың еңбегін қала тұрғындары мен қонақтары арасында насихаттап, кеңінен дәріптеу.

Қыркүйек айының 28 жұлдызында Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта қала әкімі Орынбеков Бақытжан, қалалық мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабай мырзалардың қатысуымен республикалық фото байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Фото байқауда бақ сынаған 12 үміткердің ішінен 1-орынды әсем қала алматылық Ернұр Манапханұлы, 2-орынды шымқалалық Самат Мырзалиев, 3-орынды киелі түркістандық Нақып Шынтеміров еншілеп, қаржылай сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар шымкенттік Мақсат Шағырбай «Үздік фотограф», тараздық Дәурен Нысанбаев «Үздік қала пейзажы», тараздық Табын Әбілда «Ең әдемі көрініс», түркістандық Серікболсын Шері «Мөлдір табиғат», алматылық Әкпар Үркінбайұлы «Қас-қағым сәт» номинацияларымен марапатталды. Мұның сыртында тараздық Ақәділ Рысмаханға, Юрий Кимге, Михаил Теге, алматылық Досжан Балабекұлына ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Сөз соңында айтпағым, байқауда топжарған фотоөнер шеберлерінің туындылары қала әкімдігі ұйымдастырған Қ.Рысқұлбеков атындағы қалалық саябақтағы көрмеде 1 ай көлемінде қала халқы мен қонақтарының назарына ұсынылатын болады.

Айнұр ЖАМАЛБЕКҚЫЗЫ

Исторический «Золотой Рог» Стамбула становится новым миром очарования

Алдыңғы

Фенер мен Балат: түрлі-түсті көшелерімен тартымды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *