Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Қазығұрт және Төлеби аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-29 «Шарапхана – Жаңабазар – 1 Мамыр» автомобиль жолының 42-50,6 шақырымы аралығына (Алғабас, Зағамбар, 1-Мамыр елді мекендері) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме – «Бірлік» ЖШС.
Жөндеу жұмыстары барысында ескі асфальт қабаты толығымен жаңартылды. Сондай-ақ елді мекендер ішіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынып, заманауи үлгідегі жарықтандыру шамдары орнатылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандардың алдына жасанды жол кедергілері қойылып, жол таңбалары сызылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Comments