Әлемнің қай бөлігін алып қарасақ та, бүгінгі таңда экологиялық туризм және саябақтар саласы сияқты бизнес түрі аса қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда елдегі туризмді дамыту әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан бұдан әрі дамуымызда маңызды орын алады. Ол, экономиканың дамуы ғана емес, халықтың табысын арттырудың негізгі бағыттарының бірі, өйткені бұл сала елдің игілігі үшін ерінбей еңбек етіп жүрген қаншама жандардың өз нәпәқасын тауып жүрген жұмыс орындарымен тікелей байланысты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы туризм саласындағы бизнесті мемлекеттік саясаттың перифериясынан шығарып, қайта елдің экономикалық өсу драйверлерінің біріне айналдыру бағытында ел үкіметіне нақты міндет те қойған болатын. Ұлттық туризм секторы жоғары деңгейдегі жан-жақты дамыған инфрақұрылым арқылы Президенттің қойған міндеттерінің орындалуына өз септігін тигізе алатыны сөзсіз.
Бүгін ағымдағы тамыз айының 31 күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Көксу – Қаратал аудандары филиалдарының директоры Фархат Құсайынов Көксу аудандық «Іскер Әйелдер Кеңесінің» төрайымы Утешбаева Салтанат Мұхаметханқызымен бірге арнайы Көксу ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Зылиха Тамшыбай ауылындағы «Ақтам» демалыс орына арнайы барып кәсіпкердің көптен бері шешілмей жүрген мәселесін тыңдап қайтты.
Демалыс орыны өкілі:
-Халқымыз ішетін суына да ізет көрсетіп, оны «тіршіліктің көзі деп» әспеттеп, «Қайғысыз қара суға да семіреді», деген мақал-мәтелдерді өмірге әкелген. Біздің демалыс орынына демалушыларға сапалы қызмет көрсетіп, ел президентінің «Туризмді дамыту елді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан әрі дамыту мемлекет үшін маңызды» деген үндеуіне өз үлесін қосуына тек ауыз су мәселесі қол байлау боп тұр, мүмкіншілік болса шешуін таппаған түйінді оңтайлы шешіп берсеңіздер деп, — өтінішін айтты.
️ Аудандық Кәсіпкерлер Палата директоры Фархат Құсайынов:
— Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Туристік нарықта еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еліміздің әлемдік аренадағы оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Уәде – Құдай Сөзі» демейме халқымыз, жаңа кәсіпкеріміз айтқан ауыз су мәселесінің оң шешілуі үшін өз тарапымыздан барлық керекті шараларды жасаймыз, — деді.
️ Аудандық Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы Салтанат Мұхаметханқызы:
— Қазір халық көптеген туристтік фирмалар арқылы немесе өздері бір күндік саяхатққа шығып жүр. Қатарлары күннен — күнге артуда. Оларға үлкен құрметпен қараймын. Ал менің айтпағым сол демалуға шығатын халыққа арнайы мемлекет тарапынан туристік сауаттылық әліппесі үйретілсе деген арманым бар. Сонда елдің бір сәт табиғат саласында дем алып, ләззат алуы үшін еңбек етіп жүрген жандардың еңбегі ескеріліп, туристердің сауаттылығы да арта түсер ме еді? Туризм – табиғат аясына барып ішіп-жеп, суретке түсіп қайту ғана емес. Туризм дегеніміз – физикалық, рухани, мәдени, танымдық демалыс емеспе, — деді.
Comments