Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет және оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес екендігін түсіндірген болатын. Бүгінде мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр. Осы орайда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған болатын.
Қазіргі таңда аталмыш ұлттық жобаны жүзеге асыруда Түркістан облысы бойынша 49 медициналық нысанның құрылысы бой көтермек. Медициналық көмекті қол жетімді ету мақсатында жаңадан бой көтеретін емдеу нысандары шалғайдағы ауылдарда салынбақ.
Биылдың өзінде Мақтаарал, Ордабасы мен Жетісай аудандарындағы 5 фельдшерлік-акушерлік пункт нысандарының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 3-нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олардың жалпы құны 1 102,4 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ Ордабасы ауданында фельдшерлік-акушерлік бекеттердің құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде.
Жалпы Түркістан облысы бойынша Ұлттық оператормен 3 үлгілі нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алған. Атап айтқанда, Қазығұрт, Төлеби мен Түлкібас ауданындарындағы елді мекендерде медициналық нысан құрылысы жүргізіледі.
Бауыржан САТЫБАЛДЫ, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу профилактикалық қызметті үйлестіру жөніндегі орынбасары
Comments