БілімЖаңалықтарҚоғам

ӨРЛЕУМЕН ӨТКЕН ОН КҮНІМ

  Әр адам өз мамандығын жақсы білу қандай маңызды болса, жақсы көру де сондай маңызды.Осылай жазуымның себебі: жақсы көру дегеніміз – жыл сайын өз біліміңді жетілдіріп, жаңартып отыру дегенім.

        2023 жылы тамыз айының 14 күнінен 25 аралығында «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  кәсіби даму институты» филиалында «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында (10-11 сынып) өз білімімді жетілдіру мақсатында курс оқыдым.

       Сабақ барысында жаңашылдығын сезіндім, әр сабақ сайын қазақ тілі және әдебиет пәнінің әр тақырыбының мақсатымен жұмыс жасау кезеңі дұрыс және де жаңашылдығымен, нақтылығымен таңқалдырып отырды.Өзекті тақырыптарды талқыладық, бұл талқылап өту мен үшін маңызды болды. Мәселен: Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», М.Мағауиннің «Шақан шері», Б.Мұқай «Өмірзая», Т.Әбдіктің «Оң қол» шығармаларының тақырыбы мен идеясын анықтау, Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» шығармасына сюжеттік-композициялық талдау деген мақсатын жүзеге асыруды түсіндірген кезде курсты оқығаныма қуандым, себебі мен оқу мақсаттарын дұрыс оқушыларға жеткізе алмай жүрген екенмін. Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз», т.б. шығармалар бойынша тарихи шындық пен көркемдік шындық аясында тың деректерге қанықтық. Креативті жазылым бойыншақазіргі кезеңдегі жастар сүйіп оқитын фентази, комикс жанрлары, т.б. аясында жұмыс жасадық.

       Жас маман болғандықтан, ауызекі сөйлеу стилінің тілдік ерекшелігі: диолог, оқшау сөздер, диалект, ауыспалы мағынадағы сөздер деп жалпылама ойлап келдім. Курс барысында стильдің тілдік ерекшеліктеріне лексикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері жататынын білдім және осы тақырыпқа байланысты орындаған  тәжірибелік жұмысымыз мен үшін өте құнды болды. Көптеген жаңсақ ойлардан арылдық. Мысалы, көркем шығарма тек көркем әдебиет стилінде жазыладыдеп ойлау немесе мәтін түрлерін ажырату (баяндау, сипаттау, пайымдау) көбінесе араласып келетініне мән бермеу, т.б. Мәтіндерге кеңінен стилистикалық-композициялық, тілдік-эстетикалық талдау жасауға ден қойдық. Курстағы әріптестермен пікір алмасу тартысты, қызықты өтті. Оқу мақсаты бойынша: тілдік клище, тілдік оралымдарды нақты мысалдар арқылы ажырату да  мен үшін құнды болды.

Бұл курстан аларым өте көп болды. Бір-бірімізбен түрлі әдіс-тәсілдермен алмастық. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін қандай әдіс-тәсілдерді, қандай тапсырмаларды берген тиімдірек, қызықтырақ деген көңілдегі сұрақтарға жауап алдым. Әдебиет теориясы, әдебиет сыны бойынша да өзім үшін түсініксіз болған ұғымдарға тереңірек үңілуге мүмкіндік алдық. Әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек екендігін аңғардық. Автордың қолданған көркемдегіш құралдарды шығарманың өн-бойынан оңай  таба алу, жазушы шеберлігіне баға бере отырып, әңгімені жан-жақты талдауды меңгердік.

Екінші апта да керемет күннен басталды. Таң ерте атып, адамзат ерте таңнан тіршілігін бастайтын кез ол жазира жаз  мезгілінің исін шақырып тұрды. Пенде болған соң еш дүниеге көңіліміз толмайтыны сөзсіз, суық болса тоңып секіреміз, ыстық болса күннен қашып күн кешеміз, бірақ білім нәрімен сусындағысы келген жанға ештеңе кедергі емес екенін сезіндіріп отырған Өрлеу қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!!! Біз біліммен қатар шеберлік,ұстамдылық, байсалдылық, қарапайымдылықты, кешірімді түсіністігі мол, жауапкершілігі мықты ұстаздан тәлім алдық. Менің түсінгенім Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев айтқандай: «Дәл қазіргі қоғам бір дипломмен, 5 жылдық білімім өмір бойына жетеді деген ұғымнан аулақ болуымыз керек, жаңа қоғам білімді жетілдіріп, жаңашалап отыратын мамандарды қалайды» демекші, бізді де өзінің жан-жақтылығымен қызықтыра білген тәжірибесі мол педогогтер мен мықты тренерден білім алғаныма қуанамын!

Алдағы уақытта білгендерімді өз тәжірибемде қолданып, оқушылардың білім сапасын арттыруға үлесімді қосатын боламын.

​​​​​​​  Юсупова Саягүл Серикбаевна,                                       Шымкент қаласы, №135 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі​​​​

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ КӘСІБІН АШЫП, ДАМЫТУДЫ ҚОЛҒА АЛҒАН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *